HP LaserJet Enterprise MFP M725 - User's Guide
Тонер картриджі туралы ақпарат
Түс Картридж нөмірі Бөлшек нөмірі
Ауыстырылатын қара тонер картриджі 651A CE340A
Алмастырмалы көгілдір тонер картриджі 651A CE341A
Алмастырмалы сары тонер картриджі 651A CE342A
Алмастырмалы қарақошқыл тонер
картриджі
651A CE343A
Қоршаған орта мүмкіндіктері: Тонер картридждерін HP Planet Partners қайтару және қайта өңдеу
бағдарламасы бойынша қайта өңдеуге жіберіңіз.
Жабдықтар туралы толық ақпаратты www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабынан қараңыз.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Жаңартылған жабдықтар туралы мәліметтер
алу үшін, www.hp.com/go/ljMFPM725_manuals торабына өтіңіз.
Тонер картридждерін қайта өңдеу
Шынайы HP тонер картриджін қайта өңдеу үшін пайдаланылған картриджді жаңа картридж келген
қорапқа салыңыз. Пайдаланылған жабдықты HP компаниясына қайта өңдеуге жіберу үшін ашылған
қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толық ақпарат алу үшін әр жаңа НР жабдығымен жеткізілетін қайта
өңдеу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Тонер картриджін сақтау
Тонер картридждерін пайдаланбайынша орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Тонер картриджін зақымдап алмау үшін, оны жарықта бірнеше минуттан көп ұстамаңыз. Тонер
картриджін өнімнен ұзақ уақытқа алып тастау керек болса, жасыл бейнелеу барабанын жабыңыз.
HP шығармаған тонер картридждеріне қатысты HP саясаты
HP компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер картридждерін пайдалануды
ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP шығармаған тонер картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір зақымдану
HP кепілдік және қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
50 4-тарау Бөліктер, жабдықтар мен аксессуарлар KKWW










