HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Quick Reference Guide

Сканерленген құжатты USB флеш жадына жіберу
Өнім файлды сканерлеп, оны USB жадындағы қалтаға сақтай алады.
ЕСКЕРІМ: Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін сіздің өнімге кіруіңіз қажет болуы мүмкін.
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы
мəзірлерінен портты қосу үшін келесі іс рəсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
Жалпы параметрлер
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Қосу параметрін таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Құжатты сканерлеу жəне сақтау
1. Құжатты сканер шынысына бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе оны құжат
бергішке бетін жоғары қаратып қойыңыз
жəне қағаз бағыттауыштарын құжат
өлшеміне сəйкес реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда USB құрылғысына сақтау
түймешігіне жылжып барып, басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе,
пайдаланушы аты мен құпия сөзді
енгізіңіз.
KKWW
Сканерленген құжатты USB флеш жадына жіберу
19