HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Quick Reference Guide

Сканерленген құжатты бір немесе бірнеше
электрондық пошта мекенжайларына жіберу
1. Сканер шынысына құжаттың бетін төмен
қаратып қойыңыз немесе құжат беру
құралына бетін жоғары қаратып
салыңыз жəне қағаз бағыттауыштарын
құжаттың өлшеміне шақ келетін етіп
реттеңіз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі
экранда Электрондық пошта түймешігін
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Нұсқау берілсе,
пайдаланушы аты мен құпия сөзді
енгізіңіз.
3. Пернетақтаны ашу үшін Алушы өрісін
түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Таңбаларды енгізу үшін
физикалық пернетақтаны немесе
виртуалды пернетақтаны қолданыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер өнімге кірген болсаңыз,
Жіберуші: өрісінде пайдаланушы атыңыз
немесе басқа əдепкі ақпарат көрсетілуі
мүмкін. Солай болса, оны өзгерте
алмауыңыз мүмкін.
22 KKWW