HP LaserJet Enterprise Flow MFP M525 - Quick Reference Guide
Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару
мүмкіндігін пайдалану
Бұл өнімде Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігі бар, сондықтан
файлдарды компьютерден жіберместен жылдам басып шығара аласыз. Өнім өнімнің алдындағы
USB портында стандартты USB флэш-дискілерін қабылдайды. Төмендегі файл түрлерін басып
шығаруға болады:
●
.pdf
● .prn
● .pcl
● .ps
● .cht
Бұл мүмкіндікті пайдаланбастан бұрын, USB портын қосуыңыз керек. Өнімнің басқару тақтасы
мəзірлерінен портты қосу үшін келесі іс
рəсімін пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Басқару түймешігіне жылжып барып, түртіңіз.
2. Мына мəзірлерді ашыңыз:
●
Жалпы параметрлер
●
USB құрылғысынан шығаруды қосу
3. Қосу параметрін таңдап, Сақтау түймесін басыңыз.
Оңай ашылатын USB құжаттарын басып шығарыңыз
1. USB флэш-дискісін өнімнің басқару
тақтасының сол жағындағы USB
портына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB портының қақпағын
ашу керек болуы мүмкін. Алу үшін əр
қақпақты тік тартыңыз.
2
KKWW
Оңай ашылатын USB құрылғысынан басып шығару мүмкіндігін пайдалану
3