HP LaserJet Pro 200 color MFP M276 - Legal and Regulatory Guide
3. ЖАҢАРТУЛАР. HP компаниясы жаңарту немесе қосымша (жалпы айтқанда, «Жаңарту»)
ретінде берген HP Бағдарламалық құралын пайдалану үшін, алдымен түпнұсқа
HP Бағдарламалық құралының HP компаниясы Жаңарту рұқсатын берген лицензиясын
алуыңыз керек. Жаңарту арқылы түпнұсқа HP Бағдарламалық құралының алмастырылған
бөлігін бұдан əрі пайдалануға болмайды. HP компаниясы жаңартуға қатысты басқа
шарттар бермесе, осы Келісім əр Жаңарту үшін қолданылады. Осы Келісім мен осындай
басқа шар
ттар ара
сында қайшылық болса, басқа шарттар басшылыққа алынады.
4. ТАСЫМАЛДАУ.
а. Үшінші тарап тасымалы. HP Бағдарламалық құралының бастапқы түпкі
пайдаланушысы HP Бағдарламалық құралын басқа бір түпкі пайдаланушыға бір рет
бере алады. Басқа тұлғаға берген кезде, оған барлық құрамдас бөліктері, медиа,
пайдаланушы құжаттамасы, осы келісім жəне қажет болса, түпнұсқалық куəлігі кіреді.
Беру жөнелту сияқты жанама бе
ру бо
лмауы тиіс. Берер алдында, берілетін
бағдарламалық құралды алатын түпкі пайдаланушы осы Келісімді қабылдау керек.
HP бағдарламалық құралы берілгеннен кейін, лицензияңыз автоматты түрде күшін
жояды.
ə. Шектеулер. HP бағдарламалық құралын жалға беруге немесе коммерциялық
мақсатпен бөлісуге немесе кеңседе пайдалануға болмайды. Осы келісімде тікелей
көрсетілмесе, HP бағдарламалық құралын қайта лицензиялауға, тағайындауға немесе
басқаша жолдармен үшінші тараптарға б
еруге бо
лмайды.
5. ЖЕКЕМЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР. Бағдарламалық құрал мен пайдаланушы құжаттамасындағы
барлық зияткерлік меншік құқықтары HP компаниясы немесе оның жабдықтаушыларының
иелігінде жəне заңдармен, соның ішінде тиісті авторлық құқық, сауда құпиясы, патент жəне
сауда белгісі туралы заңдармен қорғалған. Бағдарламалық құралдан өнім
идентификаторларын, авторлық құқық ескертулерін немесе жекеменшік шектеулерді алып
тастауға болмайды.
6. КЕРІ ЖОБАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУ. Тиісті за
ңмен рұ
қсат берілмесе,
HP Бағдарламалық құралын кері жобалауға, декомпиляциялауға немесе бөлшектеуге
болмайды.
7. ДЕРЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА КЕЛІСІМ БЕРУ. HP компаниясы жəне оның аффилиирленген
тұлғалары (а) бағдарламалық құралды немесе HP өнімін пайдалануыңызға немесе (б)
бағдарламалық құрал немесе HP өніміне қатысты көрсетілген қолдау қызметтеріне
қатысты берген техникалық ақпаратты жинап, белгілі бір мақсатта пайдалануы мүмкін.
Мұндай ақпарат HP компаниясының құпиялық саясатына сə
йкес п
айдаланылады.
Пайдалану мүмкіндіктеріңізді кеңейту немесе қолдау қызметтерін беру қажеттілігі тумаса,
HP мұндай ақпаратты атыңыз көрінетіндей түрде пайдаланбайды.
8. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕЛУІ. Орын алған зақымға қарамастан, осы келісім бойынша
HP компаниясы мен оның жабдықтаушыларының толық жауапкершілігі мен сіз алатын
жалғыз өтемақыңыз өнімге төленген құннан артық мөлшермен немесе 5,00 АҚШ
долларымен шектеледі. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДА БАРЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН
ДƏ
РЕ
ЖЕДЕ, ЕШБІР ЖАҒДАЙДА HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ, ТІПТІ HP КОМПАНИЯСЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫСЫ
МҰНДАЙ ЗИЯНДАР БОЛУЫ МҮМКІН ЕКЕНДІГІНЕН ХАБАРДАР ЕТІЛСЕ ДЕ ЖƏНЕ ТІПТІ
МҰНДАЙ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚҰРАЛЫ ӨЗІНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫНА ЖЕТЕ АЛМАСА ДА,
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУҒА ҚАТЫСТЫ
ҚАНДАЙ ДА БІР ЖАНАМА, ҚОСЫМША, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЗИЯНДАР
(СОНЫҢ ІШІНДЕ АЛЫНБАЙ ҚАЛҒАН ПАЙД
А,
ДЕРЕКТЕРДІҢ ЖОҒАЛУЫ, ЖҰМЫСТЫҢ
ТОҚТАП ҚАЛУЫ, ДЕНЕ ЖАРАҚАТЫ НЕМЕСЕ ҚҰПИЯЛЫҚТЫҢ БҰЗЫЛУЫ) ҮШІН
ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Кейбір штаттар немесе басқа юрисдикциялар жанама немесе
KKWW Түпкі пайдаланушының лицензиялық келісімі 9










