LASERJET PRO 200 COLOR MFP Қысқа анықтамалық M276
Көшірменің сапасын оңтайландыру Келесі көшірме сапасының параметрлері қолданылады: ● Auto Select («Автоматты түрде таңдау»): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы параметрді пайдаланыңыз. Бұл стандартты параметр болып табылады. ● Mixed («Аралас»): бұл параметрді мəтіні мен графикасы аралас болатын құжаттар үшін пайдаланыңыз. ● Мəтін: мəтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз. ● Picture («Сурет»): құрамында графиктері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
HP Scan бағдарламалық құралының көмегімен сканерлеу (Windows) 1. Компьютер жұмыс үстеліндегі HP Scan («HP сканерлеу») белгішесін екі рет басыңыз. 2. Сканерлеу сілтемесін таңдап, қажет болса параметрлерді икемдеңіз. 3. Scan (Сканерлеу) батырмасын басыңыз. ЕСКЕРІМ: Қосымша параметрлерге қол жеткізу үшін, Advanced Settings («Қосымша параметрлер») тармағын таңдаңыз. Арнаулы параметрлер жиынтығын жасап, оларды сілтемелер тізіміне сақтау үшін, Create New Shortcut («Жаңа сілтеме жасау») пəрменін басыңыз.
Тонер картридждерін ауыстыру 4 1. Алдыңғы есікті ашыңыз. 2. Тонер картриджінің тартпасын тартып шығарыңыз. 3. Тонер картриджін тұтқасынан ұстап, жоғары қарай түзу тартып шығарыңыз.
4. Жаңа тонер картриджін қаптамасынан шығарыңыз. 5. Картридждің ішіндегі тонерді біркелкі етіп тарату үшін тонер картриджін ақырындап алға-артқа шайқаңыз. 6. Жаңа тонер картриджінің төменгі жағындағы пластикалық қорғанысты алып тастаңыз.
7. Тонер картриджінің төменгі жағындағы бейнелеу барабанына тимеңіз. Бейнелеу барабанындағы саусақ іздері баспа сапасына кері əсер етеді. 8. Жаңа тонер картриджін өнімге салыңыз. 9. Бітеуші таспаны толық алып тастау үшін, тонер картриджінің сол жағындағы тілді жоғары қарай түзу тартыңыз. Бітеуші таспаны лақтырып тастаңыз.
10. Тонер картриджінің тартпасын жабыңыз. 11. Алдыңғы есікті жабыңыз. 12. Ескі тонер картриджін жəне пластикалық қорғанысты жаңа тонер картриджінің қорабына салыңыз. Қорап ішіндегі қайта өңдеуге тапсыру жөніндегі нұсқаулықты орындаңыз.
Сканер əйнегіндегі кір мен дақтардың болмауын тексеру Уақыт өте сканер əйнегі мен ақ пластмасса тірегінде дақтар жиналып, жұмысына əсер етуі мүмкін. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазалау үшін келесі процедураны орындаңыз. 1. Өнімді өшіру үшін қосқышты пайдаланып, одан кейін электр қуаты сымын электр розеткасынан ажыратыңыз. 2. Сканердің қақпағын ашыңыз. 3. Сканердің əйнегі мен ақ пластмасса тірегін тазартқыш сұйықтыққа батырылған жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Түс опцияларын өзгерту (Windows) 1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз. 2. Өнімді таңдап, Properties немесе Preferences түймешігін басыңыз. 3. Color жиекбелгісін басыңыз. 4. Automatic немесе Manual параметрін таңдаңыз. ● Automatic параметрі: Осы параметрді көп түсті баспа тапсырмалары үшін таңдаңыз. ● Manual параметрі: Түс параметрлерін өзге параметрлерден бөлек реттеу үшін осы параметрді таңдаңыз.
Тазалағыш бетті басып шығару 1. Негізгі экрандағы Setup 2. Қызмет мəзірін түртіңіз. 3. Тазалағыш бет түймесін басыңыз. 4. Сұралғанда, хат немесе A4 пішімді қағазын салыңыз. 5. Тазалау жұмысын бастау үшін OK түймесін түртіңіз. («Орнату») түймесін түртіңіз. Өнім парақтың бірінші жағын басып, парақты шығыс науасынан шығаруды жəне 1-науаға сол бағытта салуды сұрайды. Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шығарылатын бетті тастаңыз.
Windows жүйесімен екі жағына басып шығару (дуплекс) 1. Бағдарламадағы File («Файл») мəзірінен Print («Басып шығару») командасын басыңыз. 2. Өнімді таңдап, Properties немесе Preferences түймесін басыңыз. 3. Finishing жиекбелгісін басыңыз.
4. Print on both sides (manually) параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Тапсырманың бірінші жағын басып шығару үшін OK түймесін басыңыз. 5. Басып шығарылған қағаз бумасын шығыс науасынан шығарып алыңыз, содан кейін қағаздың бағытын өзгертпестен, оны басып шығарылған бетін төмен қаратып кіріс науасына салыңыз. 6. Тапсырманың екінші жағын басып шығару үшін, басқару тақтасындағы OK түймешігін басыңыз.
© 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. www.hp.com Edition 1, 4/2012 Бөлік нөмірі: CF144-90995 Windows® – Майкрософт корпорациясының (Microsoft Corporation) АҚШ-та т іркелген тауарлық белгісі. Авторлық құқықтар туралы заңдарда рұқсат етілгеннен басқа жағдайларда ал дын ала жазбаша рұқсатсыз көшіруге, бейімдеуге немесе аударуға тыйым са лынады. Осы жерде қамтылған мәліметтер ескертусіз өзгертуге бағынады.