HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Факс қабылдау параметрлерін реттеу
Факс жіберуді орнатыңыз
Өніміңізді келген факстерді басқа факс нөміріне жіберетін етіп орнатуға болады. Факс өніміңізге
келгенде ол жадта сақталады. Сонан соң өнім сіз көрсеткен факс нөмірін тереді және факсті жібереді.
Егер қате болғандықтан (мысалы, нөмір бос емес) өнім факсті жібере алмаса және нөмірді қайта теру
әрекеттері нәтиже бермесе, сіздің өніміңіз факсті басып шығарады.
Егер факс қабылдау кезінде өнімнің жады жеткіліксіз болса, ол кіруші факсті тоқтатады және
жадында сақталған беттерді және толық емес беттерді ғана жібереді
.
Факс жіберу функциясы пайдаланылса, өнім (компьютер емес) факстерді қабылдауы тиіс және жауап
беру режимі Aвтоматты жағдайға қойылуы тиіс.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Receive Options («Қабылдау параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Forward Fax («Факсты бұру») түймесін түртіңіз де, Қосылған түймесін түртіңіз.
5. Факс бұрылатын нөмірді енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Жауап беру режимін орнатыңыз
Жағдайға байланысты өнімнің жауап беру режимін Aвтоматты, TAM (телефонның автоматты жауап
беру құрылғысы), Факс/Телефон немесе Қолмен орындалатын етіп орнатыңыз. Зауыттық стандартты
мән: Aвтоматты.
●
Aвтоматты: өнім кіруші қоңырауға қоңыраулардың белгілі бір санынан кейін немесе арнаулы
факс сигналдарын таныған соң жауап береді.
●
TAM (телефонның автоматты жауап беру құрылғысы): өнім қоңырау шалынған кезде автоматты
түрде жауап бермейді. Орнына, факстің үнің анықтағанша күтеді.
●
Факс/Телефон: өнім кіруші қоңырауларға дереу жауап береді. Факс үнін анықтаған жағдайда,
қоңырауды факс ретінде қабылдайды. Факс үнін анықтамаған жағдайда, кіруші қоңырауға
жауап беруіңіз үшін естілетін дыбыс шығарып, ескертеді.
●
Қолмен орындалатын: Өнім кіріс қоңырауларға ешбір жағдайда жауап бермейді. Басқару
тақтасындағы Start Fax («Факсты бастау») түймесін басу немесе сол желіге қосылған телефонды
көтеріп, 1-2-3 сандарын теру арқылы факс қабылдау процесін өзіңіз бастауыңыз қажет.
Жауап беру режимін орнату немесе өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Answer Mode («Жауап беру режимі») түймесіне жылжып барып, оны түртіңіз. Одан кейін
қолданылатын параметр атауын түртіңіз.
KKWW Факс қабылдау параметрлерін реттеу 87










