HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Факс нөмірлерін бұғаттау және бұғаттауды жою
Егер белгілі бір адамдардан немесе мекемелерден факс алуды қаламасаңыз, басқару панелі арқылы
30 факс нөмірін құлыптауға болады. Егер факс нөмірін құлыптап қойсаңыз және сол нөмірден сізге
факс жіберсе, басқару панелінің дисплейі нөмірдің құлыптанғанын көрсетеді, факс басып
шығарылмайды және факс жадта сақталмайды. Құлыптанған факс нөмірлерінен келген факстар факс
жұмыстарын тіркеу журналында «керексіз» белгісімен көрсетіледі. Құлыптанған факс нөмірлері үшін
құлыптауды біртіндеп немесе бір мезгілде барлық нөмірлер үшін жоюға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Бұғатталған факсті жіберушіге факстің қабылданбағаны туралы мәлімет берілмейді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Receive Options («Қабылдау параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Block Junk Faxes («Жарнамалық факстарды қабылдамау») түймесін басыңыз.
5. Add Number («Нөмірді қосу») түймесін басыңыз.
6. Қабылданбайтын факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Жауап беру үшін қоңырау санын орнатыңыз
Жауап беру режимі Aвтоматты қойылса, өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны параметрі өнімнің
кіруші шақыруға жауап беруінен бұрын телефонның қанша рет қоңырау соғатынын анықтайды.
Егер өнім факс және дауыс шақыруларын қабылдайтын желіге (ортақ желіге) қосылса және сол
желіде автоматты түрде жауап беру машинасы да болса, жауап беру үшін қоңырау саны параметрін
реттеу қажет болуы мүмкін. Өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны автоматты түрде жауап беру
машинасындағы жауап беру үшін қоңырау санынан көбірек болуы тиіс. Бұл автоматты түрде жауап
беру машинасының кіруші қоңырауға жауап беруін және хабарды, егер ол дауыстық шақыру болса,
тіркеуін қамтамасыз етеді. Автоматты түрде жауап беру машинасы қоңырауға жауап берген кезде,
өнім сол шақыруды тыңдап тұрады және ол факс сигналдарын тапса, оған автоматты түрде жауап
береді.
Жауап беру үшін стандартты қоңырау саны АҚШ пен Канада үшін беске тең, ал басқа елдер/аймақтар
үшін ол екіге тең.
Жауап беру үшін қоңырау санын анықтау үшін төмендегі кестені пайдаланыңыз.
Телефон желісінің түрі Ұсынылған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі
Арнаулы факс желісі (тек қана факс шақыруларын қабылдау) Басқару панелінің дисплейінде көрсетілген аралықтағы
қоңырау санына қойыңыз. (Қабылданған ең аз және ең көп
қоңырау сандары елге/аймаққа байланысты өзгеріп
отырады.)
Екі бөлек нөмірі бар және қоңырау үлгісі қызметі бар бір желі Бір немесе екі қоңырау. (Екінші телефон нөмірі үшін сізде
автоматты жауап беру машинасы немесе компьютерлік дауыс
поштасы болса, өнімнің қоңыраулар санын автоматты түрде
жауап беру жүйесіне қарағанда артығырақ етіп орнатыңыз.
Дауыстық және факс қоңырауларын айырып тану үшін
арнайы қоңырау функциясын пайдаланыңыз.
88 6-тарау Факс KKWW










