HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Телефон желісінің түрі Ұсынылған жауап беру үшін қоңырау саны параметрі
Тек қана бекітілген телефоны бар ортақ желі (факс және
дауыстық қоңырауларын қабылдау)
Бес немесе одан да көп қоңыраулар.
Бекітілген автоматты түрде жауап беру машинасы немесе
компьютерлік дауыстық поштасы бар ортақ желі (факс және
дауыстық қоңырауларын қабылдау)
Автоматты түрде жауап беру машинасына немесе
компьютерлік дауыс поштасына қарағанда екі қоңырауға
артық.
Жауап беру үшін қоңырау санын орнату немесе өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Rings to Answer («Жауап бергенше қоңырау саны») түймесін басыңыз.
5. Қоңырау санын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Арнаулы қоңырау дыбысын орнату
Қоңырау үлгісі немесе арнаулы қоңырау қызметін кейбір жергілікті телефон компаниялары
қамтамасыз етеді. Бұл қызмет сізге бір желіде бірнеше телефон нөмірлерін пайдалану мүмкіндігін
береді. Әрбір телефон нөмірінің ерекше қоңырау үлгісі болады, сөйтіп, сіз дауыстық шақыруларға
жауап бере аласыз, ал өнім факс шақыруларына жауап бере алады.
Егер сіз телефон компаниясының қоңырау үлгісі қызметіне жазылсаңыз, өнімді дұрыс қоңырау үлгісіне
жауап беретіндей етіп орнатуыңыз тиіс. Ерекше қоңырау үлгілері барлық елдерде/аймақтарда бола
бермейді. Сіздің елде/аймақта осы қызметтің көрсетілетінін анықтау үшін телефон компаниясына
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: қоңырау үлгісінің қызметі болмаған жағдайда, ал қоңырау үлгісінің параметрлерін
стандартты параметрлерден басқасына өзгертсеңіз, Барлық қоңыраулар, өнім факстерді қабылдай
алмауы мүмкін.
Параметрлер мынадай:
Барлық қоңыраулар: Өнім телефон желісі арқылы келетін кез келген қоңырауға жауап береді.
Бір: Өнім бір қоңырау үлгісіндегі кез келген қоңырауға жауап береді.
Екі: Өнім екі қоңырау үлгісіндегі кез келген қоңырауға жауап береді.
Үш: Өнім үш қоңырау үлгісіндегі кез келген қоңырауға жауап береді.
Double and Triple («Екі және үш қоңырау»): Өнім екі қоңырау немесе үш қоңырау үлгісіндегі кез
келген қоңырауға жауап береді.
Шақыруларға жауап беру үшін қоңырау үлгілерін өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
KKWW Факс қабылдау параметрлерін реттеу 89