HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
3. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Distinctive Ring («Электронды тізімдегі нөмірді теру») түймесін, одан кейін параметр атын түртіңіз.
Компьютерге қабылданған жаңа факс үшін хабарландыру орнату
Бұл мүмкіндікті орнату үшін, HP сандық факсті орнату шебері бағдарламалық құралын пайдаланыңыз.
Бағдарламалық құралды іске қосу үшін, Windows Пуск (Бастау) мәзірінен осы өнім үшін бағдарлама
тобына өтіп, Digital Fax Setup Wizard (Сандық факсті орнату шебері) тармағын таңдаңыз. Сандық факс
тапсырмаларына ескертулерді орнату үшін бағдарламалық құралды пайдаланыңыз.
Кіруші факстар үшін автоматты түрде кішірейту функциясын пайдаланыңыз
Егер бет өлшемдері бойынша масштабтау опциясы қосылған болса, стандартты қағаз өлшеміне
сәйкестендіру үшін өнім ұзын факстерді автоматты түрде 75%-ға шейін кішірейтеді (мысалы, факс
стандарт пішімінен хат пішіміне кішірейтіледі).
Егер бет өлшемдері бойынша масштабтау опциясы ажыратылған болса, ұзын факстер толық
өлшеммен бірнеше беттерде басып шығарылады. Кіруші факстің автоматты түрде кішірейту
функциясы үшін зауыттық стандартты мәні: Қосылған.
Егер Stamp Faxes («Факсқа мәлімет қосу») опциясы қосылған болса, автоматты түрде кішірейту
функциясын қосуды да қалауыңыз мүмкін. Бұл кіруші факстердің өлшемін аз ғана кішірейтеді және
штампты екі бетке салуды болдырмайды.
ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі қағаз өлшемі параметрінің науадағы қағаздың өлшеміне сәйкес екенін тексеріңіз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Fit to page («Бетке сәйкестендіру») түймесін, одан кейін Қосылған түймесін басыңыз.
Факсты қайта басып шығару параметрлерін орнату
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Allow Fax Reprint («Факстың қайта басылып шығуына рұқсат ету») түймесіне жылжып барып,
түртіңіз де, Қосылған түймесін түртіңіз.
Факстің дыбыс деңгейін орнату
Факстің дыбыс деңгейін басқару панелінен басқару үшін осы параметрді пайдаланыңыз. Сіз мына
дыбыстарды өзгерте аласыз:
●
Alarm Volume («Ескерту сигналының дыбыс деңгейі»)
●
Ring Volume («Қоңыраудың дыбыс деңгейі»)
●
Phone Line Volume («Телефон желісінің дыбыс деңгейі»)
90 6-тарау Факс KKWW










