HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
3. Fax Service («Факс қызметі») мәзірін басыңыз.
4. Clear Saved Faxes («Сақталған факстарды жою») түймешігін басыңыз.
Факсті DSL, PBX немесе ISDN жүйелерінде пайдалану
HP өнімдері әдеттегі аналогтық телефон қызметтерімен бірге пайдалануға арналып жасалған. Олар
DSL, PBX, ISDN желілерінде немесе VoIP қызметтерінде жұмыс істеуге арналмаған, алайда олар тиісті
параметр мен жабдықпен жұмыс істейді.
ЕСКЕРТПЕ: HP компаниясы DSL, PBX, ISDN және VoIP реттеу опцияларын қызмет көрсетушімен
талқылап көруді ұсынады.
HP LaserJet өнімі цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық
құрылғы болып табылады (цифрлық-аналогтық түрлендіргіш пайдаланылмаса). HP компаниясы
өнімнің цифрлық жабдықтармен немесе цифрлық-аналогтық түрлендіргіштермен үйлесімділігіне
кепілдік бермейді.
DSL (Цифрлық абоненттік желі)
Цифрлық абоненттік желі (DSL) стандартты мыстан жасалған телефон сымдарын пайдаланатын
цифрлық технологияны пайдаланады. Бұл құрылғы сандық сигналдармен тікелей үйлеспейді. Бірақ,
цифрлық абоненттік желіні орнату кезінде конфигурация анықталған болса, жиілік диапазонының бір
бөлігін аналогтық сигналды (дауыс пен факс үшін) жіберуге, ал қалған бөлігін цифрлық мәліметтерді
жіберуге болатындай етіп сигналды бөлуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Цифрлық абоненттік желі қызметтеріне факстердің барлығы сәйкес келе бермеуі мүмкін.
HP компаниясы өнімнің барлық DSL абоненттік желілерімен немесе қызмет көрсетушілерімен
үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
Қалыпты DSL модем жоғары жиіліктегі DSL модем байланысын төменгі жиіліктегі аналог телефоны мен
факс модемінің байланысынан ажырату үшін сүзгі пайдаланады. Әдетте, DSL модемі пайдаланатын
телефон желісіне қосылған аналог телефондары мен аналог факс құрылғыларымен сүзігіні қолдану
қажет болады. Әдетте, DSL қызметінің провайдері осы сүзгіні қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат
немесе көмек алу үшін DSL қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
PBX (Жеке пайдалануға арналған телефон жүйесі)
Өнім цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық құрылғы болып
табылады. Факс функциясы үшін цифрлық-аналогтық фильтрлер немесе түрлендіргіштер қажет
болуы мүмкін. Егер жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінде факсті пайдалану қажеттілігі
пайда болса, көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінің қызмет көрсетушісіне
хабарласыңыз. HP компаниясы өнімнің цифрлық жабдықтармен немесе цифрлық-аналогтық
түрлендіргіштермен үйлесімділігіне кепілдік бермейді.
Қосымша ақпарат немесе көмек алу үшін жеке пайдалануға арналған телефон жүйесінің қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз.
ISDN (Кешенді қызметтер көрсететін цифрлық желі)
Өнім цифрлық телефон жабдықтарының барлығымен үйлесе бермейтін аналогтық құрылғы болып
табылады. Факс функциясы үшін сандық-аналог сүзгілер немесе түрлендіргіштер қажет болуы мүмкін.
ISDN ортасына факсқа байланысты ақаулар пайда болса, көмек алу үшін ISDN провайдеріне хабарласу
қажет болуы мүмкін. HP компаниясы құрылғының ISDN сандық орталарымен немесе сандық-аналог
түрлендіргіштермен үйлесімді болатынына кепілдік бермейді.
94 6-тарау Факс KKWW










