HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Бағдарламалық құралдардан факс жіберіңіз
Факс жіберу процедурасы сіздің техникалық талаптарыңызға байланысты өзгереді. Ең көп
пайдаланылатын әрекеттер.
1. Бастау түймешігін басып, Programs («Бағдарламалар») (немесе Windows XP үшін All Programs
(«Барлық бағдарламалар») тармағын, содан кейін HP тармағын таңдаңыз.
2. Өнім атауын басып, одан кейін Send fax (Факс жіберу) түймешігін басыңыз. Факстың
бағдарламалық құралы ашылады.
3. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
4. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
5. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
Үшінші жақтың Microsoft Word сияқты бағдарламасынан факс жіберіңіз
1. Үшінші жақтың бағдарламасында құжатты ашыңыз.
2. File (Файл) мәзірін басыңыз, сонан соң Print (Басып шығару) батырмасын басыңыз.
3. Принтер драйверінің ашылатын тізімінен факс басып шығару драйверін таңдаңыз. Факстың
бағдарламалық құралы ашылады.
4. Бір немесе бірнеше қабылдаушының факс нөмірін енгізіңіз.
5. Өнімге салынған беттерді қосыңыз. Бұл қадам міндетті емес.
6. Send Now (Қазір жіберу) батырмасын басыңыз.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 99










