HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Алынған факстардың екі жағына автоматты түрде басып шығару
Өнімді қабылданған факстердің екі жақты көшірмелерін басып шығаратын етіп реттеу үшін өнімнің
басқару тақтасын пайдаланыңыз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») түймешігін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») түймешігін түртіңіз.
4. Print Duplex («Парақтың екі жағында басып шығару») түймешігін түртіңіз.
5. Қосылған түймешігін түртіңіз.
Факс сигналдары телефон желісінде естілетін жағдайда факстерді
қабылдаңыз
Егер сізде факс және телефон қоңырауларын қабылдайтын телефон желісі болса және сіз телефонмен
жауап берген кезде факс сигналдарын естісеңіз, сіз екі әдістің бірін пайдаланып факс қабылдауды
бастауыңызға болады:
Егер өнімге жақын тұрсаңыз, басқару тақтасындағы Start Fax («Факсты бастау») түймесін
басыңыз.
Егер олай болмаса, телефон пернетақтасында 1-2-3 сандарын кезекпен басып, факс берілу
дыбыстарын тыңдаңыз, сонан соң телефон тұтқасын қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екінші әдістің жүзеге асуы үшін Extension Phone («Қосымша телефон») параметрін Yes
(«Иә») мәніне орнату қажет.
Факстерді компьютерге қабылдау
Жеке қабылдау мүмкіндігі қосулы болғанда сақталған факсті басып шығару
Сақталған факстарды басып шығару үшін құрылғының қауіпсіздік кілтсөзін енгізу қажет. Өнім
сақталған факстарды басып шығарғаннан кейін факстар жадтан өшіріледі.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Receive Options («Қабылдау параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Print Private Faxes («Құпия факстарды басып шығару») түймесін басыңыз.
5. Құрылғының қауіпсіздік кілтсөзін енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
104 6-тарау Факс KKWW