HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
●
Тізімдегі нұсқа конфигурация бетіндегі нұсқаға сәйкес келетін болса, ең соңғы
нұсқаны пайдаланып жүргеніңіз.
●
Нұсқалар әр түрлі болатын болса, бағдарламалық құрал жаңарту файлын жүктеп,
экрандағы нұсқауларды орындай отырып, құрылғыға орнатылған
бағдарламалық құралды жаңартыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнатылған бағдарламалық құралды жаңарту үшін құрылғы
интернетке кіретін компьютерге жалғанған болуы тиіс.
●
Факсты қайта жіберіңіз.
4. Құрылғының бағдарламалық құралы орнатылған уақытта факс параметрлері реттелгенін
тексеріңіз.
Компьютердегі HP бағдарламалық қалтадан Fax Setup Utility («Факс параметрлерін реттеу
утилитасы») бағдарламасын қосыңыз.
5. Телефон қызметінің аналог факсты қолдайтынын тексеріңіз.
●
ISDN немесе сандық PBX қолданылғанда аналог факс желісі байланысын реттеу ақпаратын
алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
●
VoIP қызметін пайдаланғанда Fax Speed («Факс жылдамдығы») параметрін Slow(V.29) («Баяу
(V.29)») күйіне өзгертіңіз немесе басқару тақтасында Fast(V.34) («Жылдам (V.34)») параметрін
ажыратыңыз. Қызмет провайдері факс қызметін қолдайтынын және ұсынылған факс
модемінің жылдамдығын сұраңыз. Кейбір компаниялар адаптерді сұрауы мүмкін.
●
DSL қызметін пайдаланғанда құрылғының телефон желісі байланысында сүзгінің бар-жоғын
тексеріңіз. DSL қызметінің провайдеріне хабарласыңыз немесе болмаған жағдайда DSL
сүзгісін сатып алыңыз. DSL сүзгісі орнатылған болса, ақаулы болу ықтималы жоғары
болғандықтан басқасын пайдаланып көріңіз.
6. Қате жоғалмаса, осы бөлімнен кейінгі бөлімдерде күрделі мәселелердің шешімдерін қараңыз.
106 6-тарау Факс KKWW










