HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

3. Fax Reports («Факс есеп берулері») түймесін басыңыз.
4. Басылып шығатын есептін атын түртіңіз.
Факс қатесі туралы есеп беруді орнатыңыз
Факс қатесі туралы есеп - бұл өнімде факс тапсырмасының қатесі пайда болғаны туралы қысқа есеп
береді. Оны келесі оқиғалардан кейін басылып шығатын етіп реттеуге болады:
Әрбір факс қатесі (зауыттық стандартты мән)
Факс жіберу қатесі
Факс қабылдау қатесі
Еш уақытта
ЕСКЕРТПЕ: Осы параметр қосылғанда факс журналы басылмаса, факстің жіберілмегені туралы
хабар берілмейді.
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Fax Reports («Факс есеп берулері») түймесін басыңыз.
4. Факс қатесі туралы есеп түймесін түртіп, қолданылатын баспа опциясын түртіңіз.
Факс қатесін түзету режимін орнатыңыз
Әдетте, өнім факс қабылдау немесе жіберу кезінде телефон желісіндегі сигналдарды бақылап
отырады. Егер берілім кезінде өнім қате тапса, және қатені түзету параметрі Қосылған болса, өнім
факстің бөлігін қайта жіберуді сұрауы мүмкін. Қатені түзету үшін зауыттық стандартты мән мынадай:
Қосылған.
Факсті жіберу немесе қабылдау кезінде қиыншылықтарға кездессеңіз немесе берілімдегі қателерді
қабылдағыңыз келсе ғана, қатені түзету режимін ажыратуыңыз қажет. Факсті шетелге жіберу немесе
шетелден факс қабылдау кезінде немесе сіз телефон байланысын жер серігі арқылы пайдалансаңыз,
бұл функцияны ажыратып қою пайдалы болуы мүмкін.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Қызмет мәзірін түртіңіз.
3. Fax Service («Факс қызметі») мәзірін түртіңіз.
4. Error Correction («Қатені түзету») түймесін, одан кейін Қосылған түймесін басыңыз.
Факс жылдамдығын өзгертіңіз
Факс жылдамдығының параметрі бұл өнім факстерді жіберу үшін пайдаланатын модемдік протокол
болып табылады. Ол мәліметтерді телефон желілері арқылы 33 600 бит/с жылдамдықпен жіберетін
немесе қабылдайтын толық дуплексті модемдерге арналған бүкіл дүние жүзілік стандарт болып
табылады. Факс жылдамдығының параметрі үшін зауыттық стандартты мән Fast(V.34) («Жылдам (V.
34)») болып келеді.
Бұл параметрді нақты бір құрылғыға факс жіберу немесе одан факс қабылдау кезінде
қиыншылықтарға кездессеңіз ғана өзгерту қажет. Факсті шетелге жіберу немесе шетелден факс
108 6-тарау Факс KKWW