HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Басқару панелінің хабары Сипаттамасы Ұсынылатын әрекет
Fax is busy («Факс бос емес»).
Canceled send («Жіберу тоқтатылды»).
Сіз факс жіберген факс желісі бос емес
болған. Өнім факс жіберуді тоқтатты.
Факс машинасының қосылғанын және
дайын екендігін тексеру үшін факс
қабылдаушыға қоңырау шалыңыз.
Дұрыс факс нөмірі терілгенін тексеріңіз.
Redial if Busy («Нөмір бос болмаса, қайта
теру») опциясының қосылғанын тексеріңіз.
Қызмет мәзірінен Fax Service («Факс
қызметі») түймесін таңдаңыз. Run Fax Test
(«Факсты тексеру») түймесін басыңыз. Бұл
тексеру телефон сымының тиісті портқа
жалғанғанын және телефон желісінде
сигналдын бар-жоғын тексереді. Өнім есепті
нәтижелермен бірге басып шығарады.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз. www.hp.com/support/
ljm425series немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Fax is busy («Факс бос емес»).
Redial pending («Күтіп, қайта теру»).
Сіз факс жіберген факс желісі бос емес
болған. Өнім автоматты түрде бос емес
нөмірді қайта тереді.
Өнімге факсті қайта жіберу мүмкіндігін
беріңіз.
Факс машинасының қосылғанын және
дайын екендігін тексеру үшін факс
қабылдаушыға қоңырау шалыңыз.
Дұрыс факс нөмірі терілгенін тексеріңіз.
Қызмет мәзірін ашып, Fax Service («Факс
қызметі») түймесін түртіңіз. Run Fax Test
(«Факсты тексеру») түймесін басыңыз. Бұл
тексеру телефон сымының тиісті портқа
жалғанғанын және телефон желісінде
сигналдын бар-жоғын тексереді. Өнім есепті
нәтижелермен бірге басып шығарады.
Егер қате жойылмаса, НР орталығына
хабарласыңыз. www.hp.com/support/
ljm425series немесе өнімнің қорабында
келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
110 6-тарау Факс KKWW










