HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
●
Қабырғадағы телефон ұясынан шыққан телефон сымы желі портына жалғанғанын тексеріңіз.
●
Басқару тақтасындағы Run Fax Test («Факсты тексеру») мәзірінен Қызмет параметрін пайдаланып,
телефон желісін тексеріңіз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Қызмет мәзірін ашыңыз.
б. Fax Service («Факс қызметі») мәзірін ашыңыз.
в. Run Fax Test («Факсты тексеру») элементін таңдаңыз.
●
Егер қате жойылмаса, НР орталығына хабарласыңыз. www.hp.com/support/ljm425series немесе
өнімнің қорабында келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
Құжат бергіштегі қағаз кептемесі
●
Қағаздың құрылғыда қолданылатын қағаз өлшеміне сай екенін тексеріңіз. Құрылғыда факс
алып-жіберу үшін 381 мм артық болатын қағазды қолдану мүмкін емес.
●
Түпнұсқа құжатты «Хат», A4 немесе «Стандарт» пішімінде көшіріңіз немесе басып шығарыңыз да,
одан кейін факсты қайта жіберіңіз.
Fax storage is full («Факс жады толы»). хабары пайда болады
●
Құрылғыны өшіріп, қайта қосыңыз.
●
Басылмаған сақтаулы факстарды басып шығарыңыз.
а. Факс түймесін, одан кейін Факс мәзірі түймесін басыңыз.
ә. Receive Options («Қабылдау параметрлері») мәзірін ашыңыз.
б. Print Private Faxes («Құпия факстарды басып шығару») элементін таңдаңыз.
в. Құрылғы сұрағанда кілтсөз енгізіңіз.
●
Сақталған факстарды жадтан өшіріңіз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Қызмет мәзірін ашыңыз.
б. Fax Service («Факс қызметі») мәзірін ашыңыз.
в. Clear Saved Faxes («Сақталған факстарды жою») элементін таңдаңыз.
●
Үлкен факс тапсырмасын кішірек бөліктерге бөліп, бөлек-бөлек жіберіңіз.
Сканер қатесі
●
Қағаздың құрылғыда қолданылатын қағаз өлшеміне сай екенін тексеріңіз. Құрылғыда факс
алып-жіберу үшін 381 мм артық болатын қағазды қолдану мүмкін емес.
●
Түпнұсқалы құжатты «Хат», A4 немесе «Стандарт» пішімінде көшіріңіз немесе басып шығарыңыз
да, одан кейін факсты қайта жіберіңіз.
KKWW Факс мәселелерін шешіңіз 117










