HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Өнім құпия сөзбен қорғалған
Желі әкімшісі өнім құпия сөзін орнатқан болса, өнімнің факс мүмкіндіктерін пайдалану үшін құпия сөзді
алуыңыз керек.
Басқару тақтасынан факс функцияларын пайдалу мүмкін емес
Құрылғы кілтсөзбен қорғалған болуы мүмкін. Кілтсөзді орнату үшін HP компаниясының ішке
орнатылған веб-серверін, HP Toolbox бағдарламалық құралын немесе басқару тақтасын
пайдаланыңыз.
Құрылғының кілтсөзі белгісі болса, жүйе әкімшісіне хабарласыңыз.
Жүйе әкімшісінен факс мүмкіндіктерінің ажыратылмағанын сұрап біліңіз.
Жылдам теру нөмірлерін қолдану мүмкін емес
Факс нөмірінің жарамды екенін тексеріңіз.
Сыртқы желіге префикс қажет болса, Код префиксі опциясын қосыңыз немесе префиксті жылдам
теру нөміріне қосыңыз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін ашыңыз.
б. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін ашыңыз.
в. Код префиксі мәзірін ашыңыз.
г. Қосылған параметрін таңдаңыз.
Топтық теру нөмірлерін қолдану мүмкін емес
Факс нөмірінің жарамды екенін тексеріңіз.
Сыртқы желіге префикс қажет болса, Код префиксі опциясын қосыңыз немесе префиксті топтық
теру нөміріне қосыңыз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін ашыңыз.
б. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін ашыңыз.
в. Код префиксі мәзірін ашыңыз.
г. Қосылған параметрін таңдаңыз.
Барлық жазбаларды жылдам теру жазбалары бар топтарға орналастырыңыз.
а. Қолданылмаған жылдам теру жазбасын ашыңыз.
ә. Жылдам теру үшін факс нөмірін енгізіңіз.
б. Жылдам теру нөмірін сақтау үшін OK түймесін түртіңіз.
KKWW Факс мәселелерін шешіңіз 119