HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Факсты жібергенде телефон компаниясынан жазылған қате хабарын алу
Факс нөмірін дұрыс теріңіз, сондай-ақ телефон қызметінің ажыратылмауын қадағалаңыз.
Мысалы, кейбір телефон қызметтерінде қалааралық қоңырау шалуға тыйым салынған болуы
мүмкін.
Сыртқы желіге префикс қажет болса, Код префиксі опциясын қосыңыз немесе префиксті жылдам
теру нөміріне қосыңыз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін ашыңыз.
б. Basic Setup («Негізгі параметрлер») мәзірін ашыңыз.
в. Код префиксі мәзірін ашыңыз.
г. Қосылған параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Факсты префикссіз жіберу үшін Код префиксі опциясы қосылғанда факсты қолмен
жіберіңіз.
Факсты халықаралық нөмірге жіберу
а. Префикс қажет болса, префискпен бірге телефон нөмірін қолмен теріңіз.
ә. Телефон нөмірін термес бұрын елдің/аймақтың кодын енгізіңіз.
б. Телефонда дыбыстар естілгенде кідірістерді күтіңіз.
в. Факсты қолмен басқару тақтасынан жіберіңіз.
Телефон құрылғыға қосылғанда факс жіберу мүмкін емес
Телефон тұтқасының орнына қойылғанын тексеріңіз.
Факс жібергенде телефонның дауысты қоңырау үшін қолданылмағанын тексеріңіз.
Телефонды желіден ажыратып, факс жіберіп көріңіз.
Факс алудың мәселелерін шешу
Факс жауап бермейді
Басқару тақтасында қате хабары көрсетіледі
Факс алынды, бірақ басылып шықпады
Жіберуші «бос емес» сигналын алады
Теру сигналы жоқ
PBX желісінде факс жіберу немесе алу мүмкін емес
120 6-тарау Факс KKWW