HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Өнімнің қауіпсіздік мүмкіндіктері
Бұл өнім қауіпсіздікті сақтауға, желіңіздегі аса маңызды ақпаратты қорғауға және өнімді бақылап, оған
техникалық қызмет көрсету жолдарын жеңілдетуге көмектесетін қауіпсіздік стандарттарын және
ұсынылған протоколдарды қолдайды.
HP компаниясының қауіпсіздік бейнені өңдеу және басып шығару шешімдері жөнінде толық ақпарат
алу үшін www.hp.com/go/secureprinting торабына барыңыз. Бұл торапта қауіпсіздік мүмкіндіктері
жөніндегі ақ беттерге және ЖҚС құжаттарына сілтемелер береді.
Өнімді құлыптау
1. Қауіпсіздік кабелін өнімнің артқы жағындағы ұяға тағуға
болады.
Өнім кілтсөзін орнату немесе өзгерту
HP енгізілген веб-серверін пайдаланып кілтсөзді орнатыңыз немесе желідегі өнімнің бұрыннан бар
кілтсөзін өзгертіңіз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы басты экранда Желі түймешігін басып өнімнің IP
мекенжайын табыңыз.
2. HP енгізілген веб-серверін ашу үшін, веб-браузердің мекенжай жолына өнімнің IP мекенжайын
теріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: HP енгізілген веб-серверіне Windows жүйесіне арналған HP құрылғының құралдар
жинағынан немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасынан өтуге де болады.
3. Параметрлер қойындысын ашып, Қауіпсіздік сілтемесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер кілтсөз алдын ала орнатылған болса, сізге кілтсөзді теру ұсынылады. Кілтсөзді
енгізіп, Қолдану түймешігін басыңыз.
4. Жаңа құпия сөз және Құпия сөзді тексеру жолдарында жаңа құпия сөзді енгізіңіз.
5. Кілтсөзді сақтау үшін терезенің төменгі жағындағы Қолдану батырмасын басыңыз.
140 7-тарау Басқару және күту KKWW










