HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Басқару панеліндегі хабарларды аудару
Басқару панеліндегі хабарлардың түрлері
Басқару панелінің хабарлары өнімнің ағымдағы күйін немесе араласуды қажет ететін жағдайларды
көрсетеді.
Сигналдық және ескерту хабарлары уақытша шығады және сізден тапсырманы қалпына келтіру үшін
OK түймешігін басу арқылы немесе бас тарту үшін Cancel («Бас тарту») түймешігін басу арқылы
растауды талап етуі мүмкін. Белгілі бір ескертулер шыққанда, тапсырма бітпей қалуы мүмкін немесе
басып шығару сапасы төмендеуі мүмкін. Егер сигналдық немесе ескерту хабары басып шығаруға
қатысты болса, және автоматты жалғастыру функциясы қосылған болса, ескерту хабары 10 секундқа
шыққаннан кейін өнім басып шығару тапсырмасын растаусыз жалғастыруға әрекет жасайды.
Төтенше қателер туралы хабарлар ақаудың кейбір түрін көрсете алады. Қуат көзінен өшіру және қосу
мәселені анықтауы мүмкін. Егер төтенше қателер жойылмаса, өнімге жөндеу қажет етілуі мүмкін.
Басқару панелінің хабарлары
<X>-науаға <TYPE> <SIZE> қағазын салыңыз
Сипаттамасы
Науа басып шығару тапсырмасы қажет ететін қағаздың түрі мен өлшеміне конфигурацияланған, бірақ
ол науа бос.
Ұсынылатын әрекет
Тиісті қағазды науаға салыңыз немесе басқа науадағы қағазды пайдалану үшін OK түймешігін
басыңыз.
<X>-науаға қағаз салыңыз Қолда бар баспа құралдары үшін [OK] түймешігін басыңыз
Сипаттамасы
Науа бос.
Ұсынылатын әрекет
Басып шығаруды жалғастыру үшін қағазды науаға салыңыз. Басқа науаны таңдау үшін OK түймешігін
басыңыз.
<X>-науадағы күтпеген өлшем <size> салыңыз [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнім науа ішінен сол науа конфигурациясына сәйкес келмейтін қағазды анықтады.
Ұсынылатын әрекет
Науаға дұрыс қағазды салыңыз немесе науаны жүктеген өлшемге конфигурациялаңыз.
KKWW Басқару панеліндегі хабарларды аудару 157










