HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Ұсынылатын әрекет
Өнімді өшіріп, кем дегенде 30 секунд күтіп, одан кейін қайта қосыңыз да, іске қосылуын күтіңіз.
Егер сіз тоқ ауытқуларынан қорғағышты пайдалансаңыз, өшіріңіз. Өнімді тікелей қабырғадағы
розеткаға қосыңыз. Өнімді қайта қосыңыз.
Хабар шығарылуы тоқтамаса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
79 қате, өшіріп қосыңыз
Сипаттамасы
Өнімде ішкі енгізілген бағдарламалық құралға қатысты қате пайда болды.
Ұсынылатын әрекет
Өнімді өшіріп, кем дегенде 30 секунд күтіп, одан кейін қайта қосыңыз да, іске қосылуын күтіңіз.
Егер сіз тоқ ауытқуларынан қорғағышты пайдалансаңыз, өшіріңіз. Өнімді тікелей қабырғадағы
розеткаға қосыңыз. Өнімді қайта қосыңыз.
Хабар шығарылуы тоқтамаса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
79 Қызметтік қателігі
Сипаттамасы
Үйлеспейтін DIMM орнатылған.
Ұсынылатын әрекет
1. Өнімді қайта қосыңыз.
2. Өнім қолдайтын DIMM орнатыңыз.
3. Өнімді қайта қосыңыз.
Хабар шығарылуы тоқтамаса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Артқы есік ашық
Сипаттамасы
Өнімнің артқы есігі ашық.
Ұсынылатын әрекет
Есікті жабыңыз.
Басылмады, ОК түймешігін басыңыз. Қате қайта пайда болса, өшіріп, қайта қосыңыз.
Сипаттамасы
Өнім бетті өңдей алмайды.
Ұсынылатын әрекет
Тапсырманы басып шығаруды жалғастыру үшін OK түймешігін басыңыз. Алайда, бұл шығаруға әсер
етуі мүмкін.
160 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW










