HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Егер қате жойылмаса, қоректі өшіріп, қайта қосыңыз. Баспа тапсырмасын қайта жіберіңіз.
Есік ашық
Сипаттамасы
Өнімнің алдыңғы есігі ашық.
Ұсынылатын әрекет
Есікті жабыңыз.
Жадта орын аз. ОК түймешігін басыңыз.
Сипаттамасы
Өнім жады толуға жақын.
Ұсынылатын әрекет
Тапсырманы аяқтау үшін OK түймешігін басыңыз немесе тапсырмадан бас тарту үшін Cancel («Бас
тарту») түймешігін басыңыз.
Тапсырманы беттері аз кішкентай тапсырмаларға бөліңіз.
Жарамсыз драйвер [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Сіз қате принтер драйверін қолданып отырсыз.
Ұсынылатын әрекет
Дұрыс принтер драйверін таңдаңыз.
Қара картриджды орнына салу
Сипаттамасы
Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады, өнім өте төменгі күйге жеткенде басып
шығаруды тоқтататын етіп пайдаланушымен реттеледі.
Ұсынылатын әрекет
Оңтайлы басып шығару сапасын қамтамасыз ету үшін, HP компаниясы осы кезде тонер картриджін
ауыстыруға кеңес береді. Баспа сапасының төмендегені біліне бастағанша басып шығаруды
жалғастыра беруге болады. Картридждің қалған нақты қызмет көрсету мерзімі басқаша болуы мүмкін.
HP тонер картриджі өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картриджіне арналған
басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады. HP жабдығы өте төмен режимде қолданылғанда орын
алған баспа және картридж ақауларының барлығы НР баспа картридждерінің кепілдік мәлімдемесі
бойынша жабдықтағы материал немесе өндіріс ақауы болып танылмайды.
Қара картридж мөлшері аз
Сипаттамасы
Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады.
KKWW Басқару панеліндегі хабарларды аудару 161