HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
1. Науадағы қағаз бағыттауыштарын реттеңіз. Алдыңғы қағаз бағыттауышының қағазды науаның
артқы шетіне қарай итеріп тұрғанын тексеріңіз.
2. HP қағаз ерекшеліктеріне сай келетін қағазды пайдаланыңыз. Қағазды түпнұсқа қаптамада
жабық күйде сақтаңыз.
3. Өнімді осы өнім үшін қоршаған орта ерекшеліктеріне сай келетін жерде пайдаланыңыз.
Қолданылған қара түс картриджі орнатылды Жалғастыру үшін [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнімге орнатылғаннан бері стандартты төменгі деңгейге жеткен тонер картриджін пайдаланып
отырсыз.
Ұсынылатын әрекет
Басып шығаруды жалғастыруға болады, бірақ қол астында ауыстыратын тонер картриджі болу керек.
Қолдау көрсетілмейтін қара картридж Жалғастыру үшін [OK] түймесін басыңыз
Сипаттамасы
Өнім HP компаниясы шығармаған тонер картриджі орнатылғанын анықтады.
Ұсынылатын әрекет
Баспаны жалғастыру үшін, OK түймешігін басыңыз.
Сатып алынған жыбдықтың НР өнімі екеніне сенімді болсаңыз, www.hp.com/go/anticounterfeit сайтына
өтіңіз. Қолдау көрсетілмейтін жабдықтарды пайдалану нәтижесінде талап етілетін қызмет көрсету мен
жөндеулер HP кепілдігіне кірмейді.
Қолмен беру <ӨЛШЕМ> <ТҮР>, қолда бар баспа құралын пайдалану үшін OK түймешігін
басыңыз
Сипаттамасы
Өнім қолмен беру режиміне ауыстырылған.
Ұсынылатын әрекет
Хабарды өшіру үшін OK түймесін басыңыз немесе 1-науаға дұрыс баспа құралдарын салыңыз.
Қолмен беттің екі жағына басып шығаруға арналған 1-жүктеу науасы, OK түймешігін
басыңыз
Сипаттамасы
Дуплексті тапсырманың бір жағы басылып шығарылды және бет екінші жағын өңдеуге жүктелуі тиіс.
Ұсынылатын әрекет
Бетті көрсетілген науаға басылатын бетін жоғары және беттің жоғарғы жағын өзіңізден ары қаратып
салыңыз да, OK түймешігін басыңыз.
KKWW Басқару панеліндегі хабарларды аудару 163










