HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Қағаз параметрлерін тексеру
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру
түймешігін түртіңіз.
2. Параметрлер түймесін түртіп, одан кейін Қағаз түймесіне
жылжып барып, түртіңіз.
3. Қағаз өлшемдері тізімінде 1-науадағы қағаз өлшемінің
атауын түртіңіз.
4. Қағаз түрлері тізімінде 1-науадағы қағаз түрінің атауын
түртіңіз.
5. Көшірмені бастау үшін Қара немесе Түс түймелерін
түртіңіз.
Мәтіндер немесе суреттер үшін оңтайландыру
Келесі көшірме сапасының параметрлері қолданылады:
Auto Select («Автоматты түрде таңдау»): көшірменің сапасы маңызды болмаған кезде осы
параметрді пайдаланыңыз. Бұл стандартты параметр болып табылады.
Mixed («Аралас»): бұл параметрді мәтіні мен графикасы аралас болатын құжаттар үшін
пайдаланыңыз.
Мәтін: мәтіні көп болатын құжаттар үшін осы параметрді пайдаланыңыз.
Picture («Сурет»): Құрамында графиктері көп болатын құжаттар үшін осы параметрді
пайдаланыңыз.
182 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW