HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

1. Қағазды сканер әйнегіне немесе құжат бергішіне салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Көшіру
түймешігін түртіңіз.
3. Параметрлер түймесін, одан кейін жылжып барып
Optimize («Оптимизациялау») түймесін түртіңіз.
Параметрлер арасында жылжу үшін көрсеткі түймелерді
түртіп, қажет параметрді таңдаңыз.
4. Көшірмені бастау үшін, Көшіруді бастау түймешігін
түртіңіз.
Шетпен шетке көшіру
Өнім толықтай жиектен жиекке басып шығара алмайды. Ең көп басу аумағы 203,2 x 347 мм құрайды,
беттің жан жағында 4 мм басылмаған жиек қалдырылады.
Шеттері кесілген құжаттарды басып шығару немесе сканерлеу туралы пікірлер:
Баспадан кіші болғанда түпнұсқалы құжатты сканердегі белгішемен белгіленген бұрыштан 4 мм
қашықтыққа жылжытыңыз. Осы күйде қайта көшіріңіз немесе сканерлеңіз.
Түпнұсқалы құжат баспа өлшеміне сәйкес болғанда көшірме кесіліп қалмауы мақсатында суретті
кішірейту үшін Кішірейту/үлкейту мүмкіндігін қолданыңыз.
Құжат бергіштің көтеру ролигі мен бөлу төсемін тазалаңыз.
Өнімнің құжат бергішінде кептемелер немесе бір мезетте бірнеше парақтың алынуы сияқты қағаз салу
ақаулықтары туындаса, құжат бергішінің желімді білік пен бөлуші төсемесін тазалаңыз.
KKWW Көшірме сапасына қатысты мәселелерді шешу 183