HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Электрондық поштаға сканерлеу проблемаларын шешу
Электрондық поштаға сканерлеу проблемалары орын алса, мына шешімдерді пайдаланыңыз:
●
Осы мүмкіндіктің орнатылғанын тексеріңіз. Егер бұл мүмкіндік орнатылмаса, оны орнату үшін
HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы бағдарламалық
құралындағы орнату шеберін пайдаланыңыз.
●
Электрондық поштаға сканерлеу мүмкіндігінің қосылғандығын тексеріңіз. Егер ол ажыратылған
болса, мүмкіндікті HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
бағдарламалық құралы арқылы қосыңыз.
●
Өнімнің компьютерге немесе желіге қосылғанын тексеріңіз.
Электрондық пошта серверіне қосылу мүмкін емес
●
SMTP сервері атауының дұрыстығын тексеріңіз. Бұл параметрді жүйе әкімшісінен немесе
Интернет қызметінің провайдерінен тексеріңіз.
●
Егер өнім SMTP серверіне қауіпсіз қосылымды орната алмаса, қорғалған байланыссыз
пайдаланып көріңіз немесе басқа серверді немесе портты пайдаланыңыз. Бұл параметрді жүйе
әкімшісінен немесе Интернет қызметінің провайдерінен тексеріңіз.
●
Егер SMTP сервері куәландыруды талап етсе, жарамды пайдаланушы аты мен құпия сөзінің
пайдаланылғандығын тексеріңіз.
●
Егер SMTP сервері қолдау көрсетілмейтін куәландыру әдісін пайдаланса, басқа серверді
пайдаланыңыз. Бұл параметрді жүйе әкімшісінен немесе Интернет қызметінің провайдерінен
тексеріңіз.
Электрондық хат жіберілмеді
●
Электрондық пошта мекенжайларының дұрыстығын тексеріңіз.
●
Электрондық хат өлшемі тым үлкен болса, азырақ беттерді жіберіңіз немесе сканерлеу
ажыратымдылығын азайтыңыз.
Сканерлеу мүмкін емес
●
PIN кодын енгізу сұралса, шығыс профилі үшін дұрыс PIN кодын енгізіңіз.
●
Алушы өрісінде кемінде бір электрондық пошта мекенжайының таңдалғанын тексеріңіз.
KKWW Электрондық поштаға сканерлеу проблемаларын шешу 189










