HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы конфигурациясына байланысты, Негізгі экрандағы мүмкіндіктер әр түрлі болуы
мүмкін. Кейбір тілдер үшін орналасуы да қарама-қарсы болуы мүмкін.
1
Веб-қызметтер түймешігі: HP веб-қызметтері мүмкіндіктеріне, соның ішінде HP ePrint құралына жылдам
өткізеді
HP ePrint — құжаттарды кез келген электрондық пошта қосылған құрылғыны пайдаланып өнімнің электрондық
пошта мекенжайына жіберу арқылы басып шығаратын құрал.
2
Setup («Орнату») түймесі: басты мәзірлерге өткізеді
3
Сымсыз түймешігі: Сымсыз байланыс мәзірі мәзіріне кіру мүмкіндігін және сымсыз байланыс күйі туралы
ақпарат (тек HP LaserJet Pro 400 MFP M425dw үлгісінде) береді
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз желіге қосылған уақытта осы белгіше сигнал күшінің жолағына ауысады.
4
Желінің түймесі: желі параметрлеріне және ақпаратына өтуге мүмкіндік береді. Желі параметрлері
экранынан Желілік аңдатпа бетін басып шығаруға болады.
5
Information («Ақпарат») түймесі: құрылғы күйінің ақпараттын көрсетеді. Күйдің қысқаша мазмұндама
экранынан Конфигурациялық есеп бетін басып шығаруға болады.
6
Жабдықтар түймесі: жабдықтар күйі туралы ақпарат береді. Жабдықтардың қысқаша мазмұндама экранынан
Жабдықтар күйі бетін басып шығаруға болады.
7 Факс түймешігі: Факс мүмкіндігін пайдалануға жол ашады
8 Қолданбалар түймешігі: www.hpeprintcenter.com мекенжайындағы HP ePrintCenter веб-торабынан жүктеліп
алынған веб қолданбаларынан тікелей басып шығару үшін Қолданбалар мәзіріне өткізеді
9 Құрылғы күйі
10 Сканерлеу түймешігі: сканерлеу мүмкіндігін пайдалануға жол ашады
11 Көшіру түймесі: көшірме мүмкіндігін пайдалануға жол ашады
12 USB түймешігі: USB Flash Drive («USB құрылғысы») мәзіріне өткізеді
KKWW Өнімді көру 5