HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Өнім басып шығармайды және компьютерде үшінші тараптың желіаралық
қалқаны орнатылған
1. Желіаралық қалқанды өндірушіде бар ең соңғы жаңартумен жаңартыңыз.
2. Егер бағдарламалар өнімді орнату немесе басып шығару кезінде желіаралық қалқанға кіру
мүмкіндігін сұраса, бағдарламалардың іске қосылуына рұқсат бергеніңізді тексеріңіз.
3. Желіаралық қалқанды уақытша өшіріп, компьютерге сымсыз өнімді орнатыңыз. Сымсыз
орнатуды аяқтағаннан кейін желіаралық қалқанды қосыңыз.
Сымсыз маршрутизатор немесе өнімді жылжытқаннан кейін сымсыз
байланыс жұмыс істемейді
1. Маршрутизатор немесе өнімнің компьютер қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
3. Компьютер үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID) принтер
конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
4. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз өнімге қосымша компьютерлер қосу мүмкін емес
1. Басқа компьютерлер сымсыз ауқымда екенін және ешбір кедергі сигналды бұғаттамайтынын
тексеріңіз. Көп желілер үшін сымсыз қатынас нүктесінің 30 м асатын сымсыз ауқымы болады.
2. Өнімнің қосылғанын және жұмысқа дайын екендігін тексеріңіз.
3. Компьютердегі кез келген үшінші тарапты желіаралық дидарларды өшіріңіз.
4. Сымсыз желі дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз.
5. Компьютер дұрыс жұмыс істейтінін тексеріңіз. Қажет болса, компьютерді қайта іске қосыңыз.
Сымсыз өнім байланысы VPN желісіне қосылған кезде жоғалады
●
Негізі, VPN желісіне және басқа желілерге бір уақытта қосыла алмайсыз.
Желі сымсыз желілер тізімінде шықпайды
●
Сымсыз маршрутизатор қосылғанын және қуат көзі бар екенін тексеріңіз.
●
Желі жасырын болуы мүмкін. Дегенмен, жасырын желіге қосылуға болады.
Сымсыз желі жұмыс істеп тұрған жоқ
1. Желі кабелінің жалғанбағанын тексеріңіз.
2. Желінің байланысты жоғалтпағанын тексеру үшін, желіге басқа құрылғылар қосып көріңіз.
3. Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз.
KKWW Сымсыз желі ақауларын жою 203










