HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

а. Компьютерде пәрмен жолы терезесін ашыңыз. Windows жүйесі үшін Пуск (Бастау) түймесін
басып, Запустить (Іске қосу) пәрменін таңдап, cmd деп теріңіз.
ә. Маршрутизатордың IP мекенжайынан кейін келетін ping ақпаратын енгізіңіз.
Mac OS X амалдық жүйесінде желі утилитасын ашып, Ping терезесінің тиісті жолағына IP
мекенжайын енгізіңіз.
б. Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс істейді.
4. Маршрутизатор немесе өнім компьютеріңіз қосылған желіге қосылғанын тексеріңіз.
а. Конфигурация бетін басып шығарыңыз.
ә. Компьютеріңіз үшін конфигурациялау есебіндегі қызмет орнату идентификаторын (SSID)
принтер конфигурациясындағы қызмет орнату идентификаторымен (SSID) салыстырыңыз.
б. Сандар бірдей болмаса, онда құрылғылар бір желіге қосылмайды. Өнімнің сымсыз орнатуын
қайта конфигурациялаңыз.
Сымсыз желі диагностика сынағын жүргізу
Өнімнің басқару тақтасынан сымсыз желі параметрлері туралы ақпаратты беретін диагностика
сынағын іске қосуға болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Төмендегі мәзірлерді ашыңыз
Жүйені орнату
Өзіндік диагностика
3. Сынақты бастау үшін, Желіні тексеруді іске қосу түймешігін түртіңіз. Өнім сынақ нәтижелерін
көрсететін сынақ бетін басып шығарады.
Сымсыз желідегі кедергіні азайту
Келесі кеңестер сымсыз желідегі кедергілерді азайтуы мүмкін:
Сымсыз құрылғыларды құжаттарды сақтайтын шкафтар сияқты көлемді темір заттардан,
сондай-ақ микротолқынды және сымсыз телефондар сияқты басқа да электромагниттік
құрылғылардан аулақ ұстаңыз. Бұл заттар радио сигналдарына кедергі болуы мүмкін.
Сымсыз құрылғыларды көлемді тастан қаланған және басқа құрылыс құрылымдарынан аулақ
ұстаңыз. Бұл заттар радио толқындарды сіңіріп, сигнал күшін азайтуы мүмкін.
Сымсыз марштуризаторды желідегі сымсыз өнімдермен бір сызықта ортада орналастырыңыз.
204 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW