HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

4. + түймесін пайдаланып өнімді Print & Fax (Баспа және факс) (Mac OS X v10.7 жүйесінде Print &
Scan (Баспа және сканерлеу) тізіміне қосыңыз).
5. USB немесе желі кабелін жоғары сапалы кабельмен алмастырыңыз.
Баспа тапсырмасы қажет өнімге жіберілмеді.
1. Басып шығару кезегін ашып, басып шығару тапсырмасын іске қосыңыз.
2. Атауы бірдей немесе ұқсас басқа өнім басып шығару тапсырмасын алған болуы мүмкін. Өнімнің
атауын тексеру үшін конфигурациялық бетті басып шығарыңыз. Конфигурация бетіндегі атаудың
Басып шығару және факс (Mac OS X v10.7 жүйесіндегі Басып шығару және сканерлеу) тізіміндегі
өнім атауына сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
USB кабелімен жалғаған кезде, драйвер таңдалған соң, өнім «Басып шығару
және факс» немесе «Басып шығару және сканерлеу» тізімінде пайда
болмайды.
Бағдарламалық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Mac амалдық жүйесінің Mac OS X 10.5 немесе одан кейінгі нұсқа екенін тексеріңіз.
2. + түймесін пайдаланып өнімді Print & Fax (Баспа және факс) (Mac OS X v10.7 жүйесінде Print &
Scan (Баспа және сканерлеу) тізіміне қосыңыз).
Аппараттық құралға қатысты ақаулықтарды түзету
1. Өнімнің қосылғанын тексеріңіз.
2. USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
3. Міндетті түрде тиісті жоғары жылдамдықты USB кабелін пайдаланыңыз.
4. Тізбектен қуат алатын USB құрылғыларының тым көп болмауын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
5. Екіден артық қуатсыз USB хабтарының тізбекте бір қатармен қосылғанын тексеріңіз. Барлық
құрылғыларды тізбектен ажыратып, кабельді тікелей компьютердегі USB портына қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: iMac пернетақтасы қуатсыз USB хабы болып табылады.
USB қосылымын пайдаланған кезде жалпы принтер драйверін қолданасыз
Егер бағдарламалық құралды орнатпастан бұрын USB кабелін қоссаңыз, осы өнімге арналған
драйвердің орнына жалпы принтер драйверін пайдалануыңыз мүмкін.
1. Жалпы принтер драйверін жойыңыз.
2. Бағдарламалық құралды өнімнің ықшам дискісінен қайта орнатыңыз. USB кабелін
бағдарламалық құралдың орнатым бағдарламасы сұрамайынша қоспаңыз.
3. Егер бірнеше принтер орнатылса, Format for (Пішімдеу) ашылмалы мәзірінен Print (Басып
шығару) тілқатысу терезесіндегі дұрыс принтер таңдағанын тексеріңіз.
208 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW