HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Бөлшектерге, қосалқы құралдарға және жабдықтарға
тапсырыс беру
Түпнұсқа HP тонер картриджі мен қағазы www.hp.com/go/suresupply
Шынайы HP бөлшектеріне не керек-жарақтарына
тапсырыс беру
www.hp.com/buy/parts
Қызмет көрсету орталығы немесе қолдау көрсетуші
провайдерлер арқылы тапсырыс беру
HP өкілетті қызмет көрсету орталығымен немесе қолдау
көрсетуші провайдермен хабарласыңыз.
Тармақ Бөлшек нөмірі Картридж нөмірі Сипаттама
HP LaserJet тонер картриджі CF280A (стандартты)
CF280X (кеңейтілген)
80A
80X
Қара тонер картриджі
Кіріс науасы CF284A 500 парақтық 3-науа
USB 2.0 принтер кабелі C6518A (2 метр стандарты) A-B кабелі
HP компаниясының HP шығармаған жабдықтарға қатысты
саясаты
Hewlett-Packard компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған тонер картридждерін
пайдалануды ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP принтерінің өнімдерінде, HP шығармаған тонер картриджін немесе қайта толтырылған
тонер картриджін пайдалану тұтынушыға берілген кепілдікке де, тұтынушымен жасалған кез келген
HP қолдау келісіміне әсер етпейді. Алайда, өнім HP шығармаған немесе қайта толтырылған тонер
картриджіне байланысты бұзылған немесе зақымданған болса, HP компаниясы сол бұзылуды немесе
зақымды жөндеу үшін стандартты уақыт пен материалдардың ақысын алады.
HP компаниясының жалған өніммен күрес веб-торабы
HP тонер картриджін салғанда, басқару тақтасындағы хабарлама картриджді HP компаниясы
шығармағанын көрсетсе, www.hp.com/go/anticounterfeit торабына кіріңіз. HP компаниясы картридждің
шынайы екендігін анықтауға көмектеседі және мәселені шешу үшін шаралар қолданады.
Төмендегі сипаттар байқалса, тонер картридж HP шығарған тонер картриджі болмауы мүмкін:
Жабдықтар күйі беті HP шығармаған жабдықтың орнатылғанын көрсетеді.
тонер картриджін пайдаланғанда түрлі мәселелер туындайды;
Картридж үйреншікті түрінен өзгеше (мысалы, қорап HP қорабынан өзгеше).
212 9-тарау Жабдықтар мен қосымша керек-жарақтар KKWW