HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгерту (Mac OS X)
Баспа тапсырмасының параметрлерін өзгертуге арналған басымдық
Баспа параметрлеріне енгізілетін өзгерістердің басымдықтары өзгерістердің енетін жерлеріне қарай
белгіленеді:
ЕСКЕРТПЕ: Пәрмендер мен тілқатысу терезелерінің атаулары сіздегі бағдарламалық құралдың
түріне қарай басқаша болуы мүмкін.
●
Page Setup (Бет параметрлері) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу терезесін ашу үшін, сіз жұмыс
істеп отырған бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Page Setup (Бет параметрлері) немесе оған
ұқсас бір пәрменді таңдаңыз. Осы жерде өзгертілген параметрлер кез келген басқа жерде
өзгертілген параметрлердің күшін жояды.
●
Print (Басып шығару) тілқатысу терезесі: Осы тілқатысу терезесін ашу үшін, сіз жұмыс істеп
отырған бағдарламаның File (Файл) мәзірінен Print (Басып шығару), Print Setup (Баспа
параметрлері) немесе оған ұқсас бір пәрменді таңдаңыз. Print тілқатысу терезесінде енгізілген
өзгерістердің басымдығы төмен болады және Page Setup (Бет параметрлері) тілқатысу
терезесінде енгізілген өзгерістердің күшін жоймайды.
●
Әдепкі принтер драйверінің параметрлері: Параметрлер Бет параметрі немесе Басып шығару
тілқатысу терезесінде өзгертілмесе, принтер драйверінің әдепкі параметрлері барлық басып
шығару тапсырмаларында пайдаланылатын параметрлерді анықтайды.
●
Принтер басқару тақтасының параметрлері: Принтердің басқару тақтасында өзгертілген
параметрлердің басымдығы басқа жерлерде енгізілген өзгерістерден төмен болады.
Бағдарламалық құрал жабылғанша принтердің барлық тапсырмаларының
параметрлерін өзгерту
1. Файл мәзірінен Басып шығару тармағын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Параметрлер ашылмалы тізімінен өзгертілетін параметрлерді өзгертіңіз.
Принтердің барлық тапсырмаларының стандартты параметрлерін өзгерту
1. Файл мәзірінен Басып шығару тармағын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Параметрлер ашылмалы тізімінен өзгертілетін параметрлерді өзгертіңіз.
4. Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінен ...түрінде сақтау опциясын таңдап, алдын ала
орнату атауын теріңіз.
Бұл параметрлер Алдын ала белгіленген параметрлер мәзірінде сақталады. Жаңа параметрлерді
пайдалану үшін бағдарламаны әрбір ашқан және басып шығарған кезде сақталған алдын ала
белгіленген параметр опциясын таңдауыңыз керек болады.
24 3-тарау Басып шығару KKWW










