HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

AirPrint технологиясын пайдалану
Apple шығарған AirPrint функциясын арқылы тікелей басып шығаруға iOS амалдық жүйесінің 4.2
немесе одан кейінгі нұсқаларында қолдау көрсетіледі. AirPrint функциясын iPad (iOS 4.2), iPhone (3GS
немесе одан жаңа) немесе сенсорлы iPod (үшінші буыны немесе жаңа) құрылғысынан келесі
қолданбалардан өнімге тікелей басып шығару үшін қолданыңыз:
Пошта
Фотосуреттер
Safari
Таңдаулы үшінші тарап қолданбалары
AirPrint функциясын пайдалану үшін өнім желіге қосылуы тиіс немесе сымсыз тікелей байланыс
арқылы қосылуы тиіс. AirPrint функциясын қолдану және AirPrint функциясымен үйлесімді HP өнімдері
туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.hp.com/go/airprint торабына кіріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: AirPrint функциясын қолдану үшін өнімнің микробағдарламасын жаңарту қажет болуы
мүмкін. www.hp.com/support/ljm425series торабына өтіңіз.
KKWW AirPrint технологиясын пайдалану 51