HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Басқа бағдарламалық құрал арқылы сканерлеу
Өнім TWAIN-үйлесімді және Windows Imaging Application (WIA)-үйлесімді болып табылады. Өнім TWAIN-
үйлесімді немесе WIA-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын қолдайтын Windows жүйесіне негізделген
бағдарламалармен және TWAIN-үйлесімді сканерлеу құрылғыларын қолдайтын Macintosh жүйесіне
негізделген бағдарламалармен жұмыс істейді.
Сіз TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді бағдарламаларында болғанда сіз тікелей ашық тұрған
бағдарламадан сканерлеу мүмкіндіктеріне қол жеткізіп, бейнелерді сканерлей аласыз. Көбірек
ақпаратты алу үшін Анықтама файлын немесе біздің TWAIN-үйлесімді немесе WIA-үйлесімді
бағдарламалық құралмен бірге жеткізілетін құжаттаманы қараңыз
.
TWAIN-үйлесімді бағдарламалық құралдан сканерлеу
Негізінен, бағдарламалық құралда Acquire (Қабылдау) File Acquire (Файлды қабылдау), Scan
(Сканерлеу), Import New Object (Жаңа нысанды импорттау), Insert from (Ішінен енгізу) немесе Scanner
(Сканер) сияқты бағдарламалары болған жағдайда TWAIN-үйлесімді болып табылады.
Бағдарламаның үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз немесе комманданың қалай аталатындығын
білмесеңіз, бағдарламалық құрал Анықтамасын немесе құжаттамасын қараңыз.
TWAIN-үйлесімді бағдарламадан сканерлеу барысында HP Scan бағдарламалық құралы автоматты
іске қосылуы мүмкін. HP Scan бағдарламалық құралы іске қосылса, суретті алдын ала көру барысында
өзгертулер енгізуге болады. Бағдарлама автоматты іске қосылмаған жағдайда бейне бірден TWAIN-
үйлесімді бағдарламаға жіберіледі.
Сканерлеуді TWAIN-үйлесімді бағдарламадан бастау. Бағдарламалық құрал Анықтамасын немесе
құжаттамасынан командалар мен пайдалану әдістері туралы қараңыз.
WIA стандартымен үйлесімді бағдарламалық құралдан сканерлеу
WIA — суретті бағдарламалық құралға тікелей сканерлеудің тағы бір жолы. WIA сканерлеу үшін
HP Scan бағдарламалық құралының орнына Microsoft бағдарламалық құралын пайдалананды.
Негізінен, бағдарламалық құралдың Енгізу немесе Файл мәзірінде Picture/From Scanner or Camera
(Бейне/Сканерден немесе Камерадан) сияқты бағдарламалары болған жағдайда WIA-үйлесімді болып
табылады. Бағдарламаның WIA-үйлесімді болуына сенімсіз болсаңыз бағдарламалық құрал
Анықтамасын немесе құжаттамасын қараңыз.
Сканерлеуді WIA-үйлесімді бағдарламадан бастау. Бағдарламалық құрал Анықтамасын немесе
құжаттамасынан командалар мен пайдалану әдістері туралы қараңыз.
-Немесе-
Windows басқару тақтасындағы Cameras and Scanner («Камералар мен сканер») қалтасында (Windows
Vista және Windows 7 жүйелерінде Hardware and Sound («Аппараттық бағдарлама және дыбыс»)
қалтасында орналасқан) құрылғының белгішесін екі рет басыңыз. Ол сізге файлға сканерлеу
мүмкіндігін беретін стандартты Microsoft WIA шеберін ашады.
74 5-тарау Сканерлеу KKWW










