HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Факсті телефон желісіне қосу
1.
Телефон кабелін құрылғыдағы желі портына және
қабырғадағы телефон ұясына жалғаңыз.
Өнім аналогтық құрылғы болып табылады. НР компаниясы өнімді арнаулы аналогтық телефон
желісінде пайдалануды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір елдерде/аймақтарда құылғымен бірге берілген телефон кабеліне адаптер қажет
болуы мүмкін.
Автоматты түрде жауап беру машинасы бар факсті
орнатыңыз
●
Өнімнің жауап беру үшін қоңырау саны параметрін автоматты түрде жауап беру машинасы үшін
орнатылған қоңырау санынан кем дегенде бір қоңырауға артық етіп орнатыңыз.
●
Егер автоматты түрде жауап беру машинасы пайдаланылып отырған телефон желісіне қосылған
болса, бірақ басқа ұя (мысалы, басқа бөлмедегі) арқылы қосылса, ол өнімнің факстерді
қабылдауына кедергі жасауы мүмкін.
Қосымша телефонға факсті теңшеңіз
Осы параметр қосылғанда, телефон пернетақтасында 1-2-3 сандарын кезекпен басып кіруші факс
шақыруына жауап беру үшін өнімге сигнал бере аласыз. Стандартты параметр Қосылған. Нөмірді
импульстік теруді пайдалансаңыз немесе 1-2-3 тізбегін пайдаланатын телефон компаниясының
қызметін пайдалансаңыз ғана осы параметрді алып тастауға болады. Өнімге сәйкес болмаса телефон
компаниясының қызметін пайдалану мүмкін емес.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзіріне жылжып барып, түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») түймесіне жылжып барып, түртіңіз.
4. Extension Phone («Қосымша телефон») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған түймесін
түртіңіз.
Автономдық факсті орнату
1. Орауыштан шығарып, өнімді орнатыңыз.
2.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
3. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
4. Fax Set-Up Utility («Факс параметрлерін реттеу бағдарламасы») түймесін басыңыз.
5. Экрандағы кеңестерді орындап, әр сұраққа тиісті жауап таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Факс нөміріндегі таңбалар саны ең көбі 20 болады.
76 6-тарау Факс KKWW










