HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Телефон кітабын пайдалану
Жиі терілетін факс нөмірлерін (120 жазбаға дейін) жеке факс нөмірлері немесе факс нөмірлерінің тобы
ретінде сақтауға болады.
Факстің телефон кітабын жасап, оны өңдеу үшін басқару тақтасын
пайдалану
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс
түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Phone Book Setup («Телефон кітапшасының
параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Жылдам теру жазбасын жасау үшін Individual Setup
(«Жеке жазбаларды реттеу») түймесін түртіңіз.
5. Тізімдегі тағайындалмаған нөмірді түртіңіз.
6. Жазбаның атын енгізу үшін пернетақтаны пайдаланып, OK
түймесін түртіңіз.
7. Жазбаның факс нөмірін енгізу үшін пернетақтаны
пайдаланып, OK түймесін түртіңіз.
Телефон кітапшасының жазбаларын жою
Өнімдегі бағдарламаланған телефон кітабының жазбаларын өшіруіңізге болады.
ЕСКЕРТУ: телефон кітабындағы жазбалар өшірілген жағдайда, оларды қайта қалпына келтіру
мүмкін емес.
KKWW Телефон кітабын пайдалану 79










