HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Redial if No Answer («Жауап болмағанда қайта теру») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де,
Қосылған түймесін түртіңіз.
Байланыс қатесі болғанда нөмірді қайта теру опциясын орнатыңыз
Бұл параметр қосылғанда кез келген байланыс қатесі пайда болған жағдайда, құрылғы автоматты
түрде қайта тереді. Байланыс қатесі болғанда нөмірді қайта теру опциясы үшін зауыттық стандартты
мән мынадай: Қосылған.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Redial if Comm. Error («Байланыс қатесі кезінде қайта теру») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де,
Қосылған түймесін түртіңіз.
Ашық/қара және ажыратымдылықты орнатыңыз
Стандартты ашық/қара (контраст) параметрін орнатыңыз
Контраст жіберіліп жатқан факстің ашықтығы мен қараңғылығына әсер етеді.
Стандартты ашық/қара параметр бұл әдетте факспен жіберіліп жатқан элементтерге қолданылатын
контраст. Стандартты мән ретінде ысырма орташа күйге қойылады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Сырғытпаны реттеу үшін Lighter/Darker («Ашықтау/қоюлау») түймесін түртіп, одан кейін
көрсеткілердің біреуін түртіңіз.
Ажыратымдылық параметрлерін орнатыңыз
ЕСКЕРТПЕ: Ажыратымдылықты арттыру факс файлының өлшемін үлкейтеді. Үлкен факстер жіберу
уақытын көбейтеді және өнімнің жадынан асып кетуі мүмкін.
Барлық факс тапсырмалары үшін стандартты ажыратымдылықты мына параметрлердің біріне
өзгерту үшін осы әрекетті орындаңыз:
●
Стандартты: Бұл параметр ең төменгі сапа мен ең жылдам жіберуді қамтамасыз етеді.
●
Жоғары: бұл параметр Стандартты параметріне қарағанда жоғарылау ажыратымдылық сапасын
қамтамасыз етеді, ол әдетте мәтіндік құжаттарға арналған.
●
Өте жоғары: Бұл параметр мәтін мен суреттер араласқан құжаттарға ыңғайлы. Берілім ұзақтығы
Жоғары параметріне қарағанда ақырындау, алайда Фото параметріне қарағанда жылдамырақ.
●
Фото: Бұл параметр ең жақсы суреттерді қамтамасыз етеді, бірақ берілім уақытын едәуір
көбейтеді.
Зауытта орнатылған әдепкі ажыратымдылық параметрі — Жоғары.
KKWW Факс жіберу параметрлерін реттеңіз 85










