HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Сигналдың дыбыс деңгейін, телефон желісінің дыбыс деңгейін және қоңыраудың дыбыс
деңгейін орнату
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Жүйені орнату мәзірін түртіңіз.
3. Volume Settings («Дыбыс деңгейінің параметрлері») мәзірін түртіңіз.
4. Реттелетін дыбыс деңгейі параметрінің атауын, ал одан кейін опциялардың бірін түртіңіз. Әр
дыбыс деңгейінің параметрі үшін осы қадамды қайталаңыз.
Мөрленетін факстарды орнату
Өнім әрбір қабылданған факстің жоғарғы бөлігінде жіберушінің идентификациялық мәліметін басып
шығарады. Сонымен қатар, факстың қабылданған күні мен уақытын растау үшін кіріс факстарын
өзіңіздің тақырып ақпаратымен белгілеуге болады. Қабылданған факстарға штамп басу параметрінің
зауыттық стандартты мәні Өшірілген.
ЕСКЕРТПЕ: Кіруші штамп қою мүмкіндігін қосу қағаз аумағын азайтып, өнім екінші бетті басып
шығаруға мәжбүр болуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция өнім басып шығаратын қабылданған факстерге ғана қолданылады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Stamp Faxes («Факсқа мәлімет қосу») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған түймесін
түртіңіз.
Жеке қабылдау мүмкіндігін белгілеу
Құпия түрде қабылдау мүмкіндігі қосылғанда алынған факстар жадта сақталады. Сақталған
факстарды басып шығару үшін кілтсөз қажет болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Private Receive («Құпия факстарды қабылдау») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған
түймесін түртіңіз.
5. Жүйе кілтсөзі орнатыомаған болса, құрылғы оны жасауды ұсынады.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйе кілтсөзі регистрге байланысты.
а. Жүйе кілтсөзін енгізу үшін OK түймесін түртіп, одан кейін пернетақтаны пайдаланыңыз.
ә. OK түймесін түртіңіз, екінші рет енгізу арқылы кілтсөзді растаңыз, одан кейін кілтсөзді сақтау
үшін OK түймесін түртіңіз.
KKWW Факс қабылдау параметрлерін реттеу 91










