HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Факсті пайдаланыңыз
Сәйкес келетін факс бағдарламалары
Өніммен қосылып келетін компьютерлік факс бағдарламасы ғана өніммен жұмыс істеуге жарамды
болады. Компьютерде бұрын орнатылған компьютерлік факс бағдарламасын пайдалануды
жалғастыру үшін компьютерге бұрыннан қосылған модемді пайдаланыңыз; ол құрылғының модемі
арқылы жұмыс істемейді.
Факсті тоқтату
Ағымдағы уақытта нөмірі теріліп жатқан жеке факсті немесе беріліп немесе қабылданып жатқан жеке
факсті тоқтату үшін осы нұсқауларды пайдаланыңыз.
Ағымдағы факсті тоқтатыңыз
Басқару тақтасындағы Cancel («Бас тарту») түймешігін басыңыз. Әлі берілмеген беттер
тоқтатылады. Cancel («Бас тарту») түймешігі басылғанда топтық теру тапсырмалары да
тоқтатылады.
Орындалуын күтіп тұрған факс тапсырмасын тоқтатыңыз
Бұл процедураны факс тапсырмасын мынадай жағдайларда тоқтату үшін пайдаланыңыз:
Бос емес сигналынан, жауапсыз шақырудан немесе байланыс қатесінен кейін өнім нөмірді қайта
теруді күтіп тұр.
Факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланған.
Fax Job Status («Факс тапсырмасының күйі») мәзірін пайдалану арқылы факс тапсырмасын тоқтату
үшін келесі қадамдарды пайдаланыңыз:
1. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
2. Факс мәзірі түймесін басыңыз.
3. Send Options («Факс жіберу параметрлері») түймесін басыңыз.
4. Fax Job Status («Факс тапсырмасының күйі») түймесін басыңыз.
5. Тоқтатылатын тапсырманың факс нөмірін түртіңіз.
Факстерді жадтан өшіріңіз
Басқа біреу сіздің өніміңізді пайдаланып, оның жадында сақталған факстерді қайта басып шығаруы
мүмкін деп алаңдасаңыз ғана осы процедураны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қайта басып шығару жадын тазалаумен қатар бұл процедура жіберіліп жатқан факсті,
жіберілмеген, бірақ кезекте тұрған факстерді, алдағы уақытта жіберуге жоспарланған факстерді және
басып шығарылмаған немесе жіберілмеген факстерді жояды.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Қызмет мәзірін басыңыз.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 93