HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Факсті VoIP қызметінде пайдалану
Егер қызмет көрсетуші IP қызметтерімен қатар факс қызметтерін көрсету туралы анық мәлімдемесе, IP
протоколы бойынша дауыстық трафикті беру (VoIP) қызметтері көбінесе факс машиналарымен
үйлеспейді.
Егер өнімдегі факстің IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру желісінде жұмыс істеуі кезінде
проблемалар болса, барлық кабельдердің және параметрлердің дұрыстығын тексеріңіз. Факс
жылдамдығының параметрін азайту өнімнің IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру желісі
арқылы факс жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
VoIP провайдері байланыс үшін «Еркін өту» режимін ұсынған жағдайда, VoIP арқылы факс жұмысының
жақсаруын ұсынады. Провайдер желісіне «фондық шу» қосылған болса, бұл мүмкіндік қосылғанда
факс жұмысы жақсаруы мүмкін.
Егер факс жіберу проблемалары жойылмаса, IP протоколы бойынша дауыстық трафикті беру
бойынша қызмет көрсетушісіне хабарласыңыз.
Электр қуаты ажыратылғанда факс жадының мазмұндары сақталады
Электр қуаты ажыратылған жағдайда, флэш-жад мәліметтердің жоғалуын болдырмайды. Басқа факс
құрылғылары факс беттерін қалыпты оперативті жадта немесе қысқа мерзімді оперативті жадта
сақтайды. Қуат көзінен ажыратылу кезінде қалыпты оперативті жадтағы мәліметтер бірден
жоғалады, ал қысқа мерзімді оперативті жадтағы мәліметтер мұндай жағдайда шамамен 60 минуттан
кейін жоғалады. Флэш-жадта мәліметтер қуат көзіне қоспай-ақ көп жылдарға сақтай алады.
Ішкі желілерді жалпы телефон желілеріне қосу кезіндегі қауіпсіздік
мәселелері
Өнім жалпы ауыспалы телефон желісінің (PSTN) стандарттарына сай келетін телефон желілерінде
факс деректерін жіберіп, қабылдай алады. Қауіпсіз факс протоколдары компьютер вирустарының
телефон желісінен компьютерге немесе желіге тасымалдануын болдырмайды.
Келесі өнім мүмкіндіктері вирус тасымалдануын болдырмайды:
●
Факс желісі мен USB немесе Ethernet порттарына қосылған барлық құрылғылар арасында
ешқандай тікелей байланыс жоқ.
●
Ішкі енгізілген бағдарламалық құралды факс байланысы арқылы өзгертуге болмайды.
●
Барлық факс байланыстары Интернет деректер алмасу протоколдарын пайдаланбайтын факс
ішкі жүйесі арқылы өтеді.
KKWW Факсті пайдаланыңыз 95










