HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
3. Пернетақтадағы факс телефон кітапшасының белгішесін түртіңіз.
4. Қолданылатын жеке немесе топтық жазбаның атын түртіңіз.
5. Start Fax («Факсты бастау») түймесін басыңыз.
Бағдарламалық құралдардан факс жіберіңіз
Келесі мәліметте өніммен бірге келген бағдарламалық құралды пайдаланып, факстерді жіберуге
арналған негізгі нұсқаулар берілген. Бағдарламалық құралдарға қатысты басқа барлық тақырыптар
бағдарламалық құралдардың Көмек бөлімінде қамтылған және оны бағдарламаның Help (Көмек)
мәзірінен ашуға болады.
Егер сіз мына талаптарға жауап берсеңіз, электрондық құжаттарды компьютерден факс арқылы
жібере аласыз:
●
Өнім тікелей компьютерге немесе компьютер қосылған желіге жалғанған.
●
Өнімнің бағдарламалық құралдары компьютерде орнатылған.
●
Өнім компьютердің амалдық жүйесін қолдайды.
98 6-тарау Факс KKWW










