HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Факс желісіне жалғанған телефонмен теру арқылы факсті жіберу
Кейде, өнім қосылған желідегі телефоннан факс нөмірін теру қажет болуы мүмкін. Мысалы, егер сіз
құрылғысы қолмен қабылдау режимінде тұрған кісіге факс жіберсеңіз, факстің алдында дауыстық
шақыру арқылы сіз сол кісіге факс жіберілетінін хабарлай аласыз.
ЕСКЕРТПЕ: телефон өнімнің «телефон» портына қосылған болуы тиіс.
1. Құжатты құжаттарды автоматты түрде беру құрылғысына салыңыз.
2. Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Факс түймешігін түртіңіз.
3. Өнім қосылған желідегі телефон тұтқасын көтеріңіз. Телефон батырматақтасын пайдаланып
факс нөмірін теріңіз.
4. Қабылдаушы жауап бергенде одан факс машинасында факс қабылдауды бастауын сұраңыз.
5. Факс үндерін естігенде басқару тақтасындағы Start Fax («Факсты бастау») түймесін түртіп,
басқару тақтасының дисплейінде Connecting («Жалғануда») хабары көрсетілгенше күтіп,
телефон тұтқасын орнына қойыңыз.
Факсты растап, жіберу
Факстың дұрыс нөмірге жіберілгенін тексеру үшін факс нөмірін екінші рет енгізуді сұрайтын етіп
құрылғыны реттеуге болады.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін түртіңіз.
3. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін түртіңіз.
4. Confirm Fax Number («Факс нөмірін растау») түймесіне жылжып барып, түртіңіз де, Қосылған
түймесін түртіңіз.
5. Факсті жіберіңіз.
Факстің кейін жіберілуін жоспарлау
Бір немесе бірнеше адамдарға алдағы уақытта автоматты түрде жіберілуі тиіс факсті жоспарлау үшін
өнімнің басқару панелін пайдаланыңыз. Бұл процедура біткеннен кейін, өнім құжатты жадына
сканерлейді, сонан соң Дайын жағдайына қайта оралады.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өнім факсті жоспарланған уақытта жібере алмаса, сәйкес мәлімет факс қатесі
есебінде көрсетіледі (егер сол опция қосылған болса) немесе факс жұмыстарын тіркеу журналына
жазылады. Факс жіберу шақыруына жауап болмағандықтан немесе бос емес сигналы нөмірді қайта
теру әрекеттерін тоқтатқандықтан берілім басталмауы мүмкін.
Егер факс алдағы уақытта жіберілетін етіп жоспарланса, бірақ оны жаңарту қажет болса, қосымша
мәліметті бөлек тапсырма ретінде жіберіңіз. Бір факс нөміріне бір мезгілде жіберілетін етіп
жоспарланған барлық факстер жеке факстер түрінде жіберіледі.
100 6-тарау Факс KKWW










