HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Құрылғы DSL телефон қызметіне жалғанған
●
Орнату мен мүмкіндіктерді тексеріңіз. DSL модемі құрылғының телефон желісі байланысында
жоғары жиілікті сүзгінің болуын талап етеді. Сүзгіні алу үшін DSL қызметінің провайдеріне
хабарласыңыз немесе оны сатып алыңыз.
●
Сүзгінің жалғанғанын тексеріңіз.
●
Ақаулы болмағанын тексеру үшін ағымдағы сүзгіні ауыстырыңыз.
Құрылғы факс қызметін IP немесе VoIP телефон қызметі арқылы пайдаланады
●
Fax Speed («Факс жылдамдығы») параметрін Slow(V.29) («Баяу (V.29)») немесе Medium(V.17)
(«Орташа (V.17)») күйіне келтіріңіз немесе Fast(V.34) («Жылдам (V.34)») параметрін ажыратыңыз.
а.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
ә. Fax Setup («Факс параметрлері») мәзірін ашыңыз.
б. Advanced Setup («Күрделі параметрлер») мәзірін ашыңыз.
в. Fax Speed («Факс жылдамдығы») мәзірін ашыңыз.
г. Дұрыс параметрді таңдаңыз.
●
Факс қызметіне қолдау көрсетілетінін тексеріп, факс қызметінің ұсынылған жылдамдық
параметрлерін алу үшін қызмет провайдеріне хабарласыңыз. Кейбір компаниялар адаптерді
сұрауы мүмкін.
Басқару тақтасында қате хабары көрсетіледі
No fax detected («Факс табылмады»). хабары пайда болады
ЕСКЕРТПЕ: Бұл қате міндетті түрде қабылданбаған факс қоңырауына жатпайды. Факс нөміріне
байқаусызда дауысты қоңырау шалынып, қоңырау шалушы қоңырауды аяқтаған болса, басқару
тақтасында No fax detected («Факс табылмады»). хабары көрсетіледі.
●
Жіберушіден факсты қайта жіберуін сұраңыз.
●
Құрылғының телефон сымы тікелей қабырғадағы телефон ұясына жалғанғанын тексеріңіз.
●
Басқа телефон сымын пайдаланып көріңіз.
●
Өнімнің телефон сымын басқа телефон желісіндегі ұяға қосыңыз.
●
Телефонды жалғап, теру үнін тексеру арқылы телефон желісі мен телефонның қабырға ұясының
қосылғанын тексеріңіз.
●
Телефон сымының құрылғыдағы «line» (желі) ұясына жалғанғанын тексеріңіз.
●
Басқару тақтасынан факс тексеруін қосу арқылы телефон желісін тексеріңіз.
●
Егер қате жойылмаса, НР орталығына хабарласыңыз. www.hp.com/support/ljm425series немесе
өнімнің қорабында келетін көмекші анықтамалықты қараңыз.
KKWW Факс мәселелерін шешіңіз 123










