HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Тонер картриджді шамаланған пайдалану мерзімінің
соңына жақындағанда басып шығару
Қара түс деңгейі төмен: Өнім тонер картриджінің деңгейі төмен екенін көрсетеді. Тонер картриджінің
қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына салынатын
баспа картриджін дайындап қойыңыз. Тонер картриджін әзірше ауыстыру қажет емес.
Қара түс деңгейі өте төмен: Өнім тонер картриджінің деңгейі өте төмен екенін көрсетеді. Тонер
картриджінің қалған нақты жұмыс мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Баспа сапасы нашарлағанда, орнына
салынатын баспа картриджін дайындап қойыңыз. Басып шығару сапасы жарамды деңгейде болса,
тонер картриджін әзірше ауыстырудың қажеті жоқ.
HP тонер картриджі «өте төмен» деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картрижіне арналған
басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады.
Жабдықтар Very Low (Өте төмен) деңгейге жеткенде өнім орындайтын әрекеттерді өзгертуге болады.
Осы параметрлерді жаңа тонер картриджін орнатқанда қайта орнатудың қажеті жоқ.
Өте төмен параметрлерін қосу немесе ажырату
Әдепкі параметрлерді кез келген уақытта қосуға немесе өшіруге болады, сондай-ақ жаңа тонер
картриджін салғанда оларды қайта қосу қажет емес.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Мына мәзірлерді ашыңыз:
Жүйені орнату
Жабдық параметрлері
Қара түс картриджі
Өте төмен параметрі
3. Келесінің бірін таңдаңыз:
Өнімді тонер картриджі өте төмен деңгейде екенін ескертетін, бірақ басып шығаруды
жалғастыратын етіп орнату үшін Жалғастыру опциясын таңдаңыз.
Тонер картриджі ауыстырылғанша өнімді басып шығаруды тоқтататын етіп (баспа
факстарымен бірге) орнату үшін Тоқтату опциясын таңдаңыз.
Өнімді басып шығаруды тоқтататын (факстерді басып шығаруды қоса) және тонер
картриджін ауыстыру туралы ескертетін етіп орнату үшін, Кеңес опциясын таңдаңыз.
Ұсынысты қабылдап, басып шығаруды жалғастыруға болады. Бұл өнімдегі пайдаланушы
өзгерте алатын опция — «Prompt to Remind Me in 100 pages, 200 pages, 300 pages, 400 pages,
or never» (100 беттен, 200 беттен, 300 беттен, 400 беттен кейін есіме салу немесе ешқашан
есіме салмау). Бұл опция пайдаланушы ыңғайлылығы үшін қамтамасыз етілген және осы
беттердің қанағаттандырарлық сапамен басылып шығатынын білдірмейді.
Құрылғы Тоқтату параметріне орнатылғанда, тоқтаған уақытта алынған факстар жадқа сыймаса,
жаңа картридж орнатылғанда факстардың басылып шықпау қаупі бар.
Құрылғы Кеңес параметріне орнатылғанда, құрылғы сұраудың расталуын күткен уақытта алынған
факстар жадқа сыймаса, жаңа картридж орнатылғанда факстардың басылып шықпау қаупі бар.
KKWW Тонер картриджді шамаланған пайдалану мерзімінің соңына жақындағанда басып шығару 143