HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
«Мәселелерді шешу» тексеру парағы
Өнімге қатысты мәселені шешер кезде мына қадамдарды орындаңыз.
●
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
●
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
●
3-қадам: Басқару тақтасындағы қате хабарларын қарау
●
4-қадам: Қағазды тексеріңіз
●
5-қадам: Бағдарламалық құралды тексеру
●
6-қадам: Басып шығару жұмысын тексеру
●
7-қадам: Көшірме жұмысын тексеру
●
8-қадам: Тонер картриджін тексеру
●
9-қадам: Баспа тапсырмасын компьютер арқылы жіберіп көру
●
10-қадам: Өнімнің желіде екендігін тексеріңіз
1-қадам: Құрылғының дұрыс реттелгенін тексеру
1. Өнімді қосу үшін немесе қуатты автоматты түрде өшіру режимін ажырату үшін, қуат түймешігін
басыңыз.
2. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
3. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына сәйкес келетінін тексеріңіз. (Кернеу талаптарын
өнімнің артқы жағындағы жапсырмадан қараңыз.) Қуат жолағы мен оның кернеуі талаптарға сай
болмаса, өнімді тікелей қуат розеткасына жалғаңыз. Егер ол қуат розеткасына қосылып тұрған
болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
4. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен
байланысыңыз.
2-қадам: Кабельдерді немесе сымсыз байланысты тексеру
1. Өнім мен компьютердің арасындағы кабель жалғауын тексеріңіз. Жалғаудың қауіпсіз екеніне көз
жеткізіңіз.
2. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
3. Өнім желіге қосылған болса, төмендегі элементтерді тексеріңіз:
●
Өнімдегі желі байланысының жанындағы шамды тексеріңіз. Егер желі белсенді болса,
шамда жасыл түс жанады.
●
Желіге қосылу үшін, телефон сымы емес, желі кабелі пайдаланылғанын тексеріңіз.
152 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW










