HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Ұсынылатын әрекет
Басып шығаруды жалғастыруға болады, бірақ қол астында ауыстыратын тонер картриджі болу керек.
Қара картридж мөлшері өте аз
Сипаттамасы
Тонер картриджі пайдалану мерзімінің соңына жақындады. Бұл өнімдегі пайдаланушы өзгерте алатын
опция — «Prompt to Remind Me in 100 pages, 200 pages, 300 pages, 400 pages, or never» (100 беттен, 200
беттен, 300 беттен, 400 беттен кейін есіме салу немесе ешқашан есіме салмау). Бұл опция
пайдаланушы ыңғайлылығы үшін қамтамасыз етілген және осы беттердің қанағаттандырарлық
сапамен басылып шығатынын білдірмейді
.
Ұсынылатын әрекет
Оңтайлы басып шығару сапасын қамтамасыз ету үшін, HP компаниясы осы кезде тонер картриджін
ауыстыруға кеңес береді. Баспа сапасының төмендегені біліне бастағанша басып шығаруды
жалғастыра беруге болады. Картридждің қалған нақты қызмет көрсету мерзімі басқаша болуы мүмкін.
HP тонер картриджі өте төмен деңгейге жеткенде, HP компаниясының тонер картриджіне арналған
басты қорғау кепілдігінің мерзімі аяқталады. HP тонер картриджі өте төмен режимде үздіксіз
пайдаланылғанда орын алған барлық баспа ақаулары немесе картридж қателері HP баспа картриджі
кепілдігінің мәлімдемесі астында тонер картриджіндегі материалдардағы немесе өнімдегі ақаулар
болып танылмайды.
Қара сиялы картриджді орнатыңыз
Сипаттамасы
Тонер картриджі өнімге не орнатылмаған, не дұрыс орнатылмаған.
Ұсынылатын әрекет
Тонер картриджін орнатыңыз.
Қара түс үйлесімсіз
Сипаттамасы
Басқа HP өнім үлгісінде пайдалануға арналған тонер картриджін орнатқансыз. Өнім осы орнатылған
тонер картриджімен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Ұсынылатын әрекет
Осы өнімге арналған дұрыс тонер картриджін орнатыңыз.
Қате басылды, OK түймешігін басыңыз
Сипаттамасы
Қағаз өнім арқылы өту кезінде кідірді.
Ұсынылатын әрекет
Хабарды өшіру үшін OK түймешігін басыңыз.
Бұл мәселенің алдын алу үшін, мына шешімдерді орындаңыз:
162 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW










