HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Баспа сапасын жақсарту
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Windows)
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
Тонер басып шығарылған беттерде жайылады.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
1. Бағдарламалық құралда Print (Басып шығару) опциясын таңдаңыз.
2. Өнімді таңдап, Сипаттар немесе Параметрлер түймешігін басыңыз.
3. Қағаз/сапа жиекбелгісін басыңыз.
4. Қағаз түрі ашылмалы тізімнен Қосымша... опциясын таңдаңыз.
5. Түрі: опцияларының тізімін шығарып алыңыз.
6. Қолданыстағы қағаз түрін тапқанша қағаз түрлерінің әрбір санатын шығарып алыңыз.
7. Қолданыстағы қағаз түрінің параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Қағаз түрінің параметрін тексеру (Mac OS X)
Төмендегі ақаулықтар туындаса, қағаз түрінің параметрін тексеріңіз:
Тонер басып шығарылған беттерде жайылады.
Қайталанатын таңбалар басып шығарылған беттерде көрінеді.
Басып шығарылған беттер мыжылған.
Тонер басып шығарылған беттерді бояйды.
Басып шығарылған беттерде кішкентай басылмаған аумақтар бар.
1. Файл мәзіріндегі Басып шығару опциясын таңдаңыз.
2. Принтер мәзірінен осы өнімді таңдаңыз.
3. Көшірмелер және беттер мәзіріндегі Қағаз параметрлерін теңшеу түймешігін басыңыз.
4. Қағаз өлшемі ашылмалы тізімінен бір өлшемді таңдап, OK түймешігін басыңыз.
5. Аяқталуда мәзірін ашыңыз.
6. Медиа түрі ашылмалы тізімінен түрін таңдаңыз.
7. Басып шығарутүймесін басыңыз.
176 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW