HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide
Тонер картриджінің күйін тексеру
Жабдықтар күйінің бетін басып шығару
Ақпараттық беттер өнім жады құрамында. Бұл беттер өнімді диагностикадан өткізуге көмектесіп,
ақаулықтарды түзетуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату барысында өнім тілі дұрыс орнатылмаса, ақпараттық беттерді қолдау
көрсетілетін тілдердің бірінде басып шығара алатындай тілді қолмен орнатуға болады. Тілді басқару
панеліндегі Жүйені орнату мәзірін немесе енгізілген веб-серверін пайдалана отырып ауыстырыңыз.
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Есептер түймесін басыңыз.
3. Есепті басып шығару үшін, Жабдықтар күйі түймешігін түртіңіз.
Жабдықтар күйін тексеру
Жабдықтар күйінің бетінде мына ақпарат берілгенін тексеріңіз:
●
Картридждің қалған қызмет мерзімінің шамаланған пайызы
●
Қалған беттердің шамамен алғандағы саны
●
HP тонер картридждерінің бөлшек нөмірлері.
●
Басып шығарылған беттер саны жөнінде
Тазалағыш бетті басып шығару
1.
Өнімнің басқару тақтасындағы негізгі экранда Setup («Орнату») түймешігін түртіңіз.
2. Қызмет мәзірін түртіңіз.
3. Тазалағыш бет түймесін басыңыз.
4. Сұралғанда, хат немесе A4 пішімді қағазын салыңыз.
5. Тазалау жұмысын бастау үшін OK түймесін түртіңіз.
Өнім парақтың бірінші жағын басып, парақты шығыс науасынан шығаруды және 1-науаға сол
бағытта салуды сұрайды. Процесс аяқталғанша күтіңіз. Басып шығарылатын бетті тастаңыз.
Тонер картриджінің зақымданбағанын тексеру
1. Өнімнен тонер картриджін шығарып, бітеуші таспаның
алынғанын тексеріңіз.
KKWW Баспа сапасын жақсарту 177










