HP LaserJet Pro 400 MFP M425 - User's Guide

Желі қалтасына сканерлеу проблемаларын шешу
Желі қалтасына сканерлеу проблемалары орын алса, мына шешімдерді пайдаланыңыз:
Осы мүмкіндіктің орнатылғанын тексеріңіз. Егер бұл мүмкіндік орнатылмаса, оны орнату үшін
HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы бағдарламалық
құралындағы орнату шеберін пайдаланыңыз.
Желі қалтасына сканерлеу мүмкіндігінің қосылғандығын тексеріңіз. Егер ол ажыратылған болса,
мүмкіндікті HP Device Toolbox (Windows) немесе Mac OS X жүйесіне арналған HP утилитасы
бағдарламалық құралы арқылы қосыңыз.
Өнімнің желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Сканерлеу орындалмады
Желі жолының дұрыс пішімде (//host/share/path) екендігін және қалтаның бар болуын тексеріңіз.
Желі каталогында оқуға және жазуға болатындығын тексеріңіз.
Сканерленген файлдар үшін әдепкі файл атауларын пайдалансаңыз, онда қайшылықты
атаулардың жоқтығын тексеріңіз. Бұрын сканерленген файлдардың біразын жойыңыз.
Басты компьютер атауының орнына IP мекенжайын пайдаланыңыз. Өнім мен басты
компьютердің бірдей желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Егер желі қалтасы құпия сөзбен қорғалса, міндетті түрде дұрыс пайдаланушы аты мен құпия сөзін
енгізіңіз.
Егер Диск толы хабары көрсетілсе, желі қалтасынан біраз файлды жойыңыз.
Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз. Қайтадан сканерлеңіз.
190 8-тарау Мәселелерді шешу KKWW